Вернуться к списку статей

«Барыс» тағы да «Робин Гуд» образына енді

Хоккей
199

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барысы» елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасын жеңді.

Матч Астанада өтті. Екі команда бұған дейін 74 мәрте кездескен. Оның 25-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойын ресейлік команданың пайдасына шешілген. Яғни, көбінесе, омбылықтар жеңіп жүрген.

Енді кездесуге келсек, бас бапкердің міндетін атқарушы Олег Болякин мына құрамға сенім артты: Паскуале (Шутов), Скленичка-Ножье, Старченко-Шестаков-Оберг, Хенкель-Данияр, Камара-Червени-Ла Бейт, Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Апальков-Мұратов, Оспанов, Рымарев-Әмірбеков-Әсетов.

Бірінші кезеңде бір ғана шайба соғылды. Оның авторы - Даниил Апальков. Екінші 20 минуттық тыныш өтті. Қонақтар үшінші кезеңде шашылып қалды. Кирилл Савицкий (42-минутта), Энтони Камара (44-минутта), Әлихан Өмірбеков (46-минутта) және Давид Скленичка (49-минутта) бірінен соң бірі мергендік танытып жатты. Қонақ тек ойынның бітуіне үш минут қалғанда ғана бір шайба соға алды. Авторы – Михаил Гуляев (57минутта).

«Барыстың» осылай мықтыларды жеңіп, әлсіздерге ұпай таратыны бар. Бұған дейін көшбасындағы Магниторскінің «Металлург» клубында ұтып кеткен.

Елорда командасы енді алдағы ойынын 30 желтоқсанда Астанада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасымен өткізеді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) «Авангард» (Омск, Ресей) 5:1

Шайба:
1:0 – 11:47 Апальков (Оберг).
2:0 – 41:07 Савицкий (Скленичка, Оберг).
3:0 – 43:27 Камара (Червени, Бекетаев).

4:0 – 45:40 Өмірбеков (Әсетов, Хенкель).
5:0 – 48:09 Скленичка.
5:1 – 56:45 Гуляев (Беляев, Филатьев).


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика