Вернуться к списку статей

«Қайраттың» элиталық раундтағы ойын кестесі анықталды

Футзал
240

Футзалдан Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне қатысады. Ойындар Косовоның Приштина қаласындағы Жастар сарайында 2023 жылдың 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді.

Жерлестеріміз В тобында бақ сынайды. Қарсыластары –- «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) және «Приштина» (Косово).

«Қайраттың» құрамы мынандай:

Қақпашылар: Деннис, Игита, Нарын Серіков.

Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Альберт Ақбалықов, Педро, Диего, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Кайо Руиз, Игор Шушу, Алекс Виана, Алиссон.

Бас бапкер: Марлон Веласко.

Әр топтан бір команда ғана «Төртеудің финалына» жолдама алады. «Қайрат» үшін басты бәсекелес «Бенфика» болғалы тұр.

В тобындағы ойындар кестесі:

29 қараша

22:00 «Бенфика» (Португалия) - «Добовец» (Словения)

29/30 қараша

01:00 «Қайрат» (Қазақстан) - «Приштина» (Косово)

30 қараша

22:00 «Қайрат» (Қазақстан) - «Бенфика» (Португалия)

30 қараша/01 желтоқсан

01:00 «Приштина» (Косово) - «Добовец» (Словения)

02 желтоқсан

22:00 «Добовец» (Словения) - «Қайрат» (Қазақстан)

2/3 желтоқсан

01:00 «Приштина» (Косово) - «Бенфика» (Португалия)


Қалған топтарда мына командалар бар:

А тобы:«Барселона» (Испания), «Этуаль» (Франция), «Эболи» (Италия), «Рига» (Литва);

C тобы:«Спортинг» (Португалия), «Андерлехт» (Бельгия), «Лозница-Град» (Сербия), «Халадаш» (Венгрия);


D тобы:«Пальма» (Испания), «Хит» (Украина), «Олмиссум» (Хорватия), «Любава» (Польша).

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика