Вернуться к списку статей

Футзал: Нидерландпен шешуші кездесуге кімдер қатысады?

Футзал
254

14 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамалары кездеседі.

Бұл ойын Астана уақытымен 20:30-да басталады. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге А тобына түсті. Төрт ойыннан кейін ұпайдан шашау шығармаған Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен көш бастап тұр. Ал қоржынында 1 ұпайы бар Нидерланд құрамасы төртінші орында келеді.

Екі құрамаға бұған дейін екі мәрте кездесіп, екі ойын да Қазақстанның пайдасына шешілді. Алғаш рет 2019 жылы Румынияның Пьятра-Нямц қаласында кездесіп, Кака шәкірттері қарсыласын 5:0 есебімен жеңген болатын. Биыл іріктеу кезеңі аясында Қазақстан сырт алаңда Нидерландты 2:0 есебімен жеңді.

Ұлттық құрама Еуропа рейтингінде – 4-орында, әлем рейтингінде – 7-орында.

Нидерланды құрамасы Еуропа рейтингінде – 18-орында, әлем рейтингінде 34-сатыда.

Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық турниріне шығуға мүмкіндік алады.

Футзалдан әлем чемпионаты элиталы кезеңінің іріктеуі 14-20 желтоқсан күндері аралығында өтетін матчтармен аяқталады. Бұл кезеңде әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысушысы жеті команданың бесеуі анықталады.

Элиталы раундтағы бес топтың жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал екінші орындағы төрт үздік команда плей-офф матчтарында ойнайды. Олардың жеребесі 2024 жылдың 25 қаңтарда тартылады, ал ӘЧ жолдамасы үшін қалған екі матч 2024 жылдың 8-17 сәуір күндеріне жоспарланған.

2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі. Элиталық раунд. «A» тобы

Ойын нәтижелері:

15 қыркүйек: Нидерланд – Қазақстан – 0:2

15 қыркүйек: Румыния – Әзербайжан – 3:1

20 қыркүйек: Қазақстан – Румыния – 4:3

20 қыркүйек: Әзербайжан – Нидерланд – 6:1

6 қазан: Румыния – Нидерланд – 2:1

6 қазан: Әзербайжан – Қазақстан – 2:4

10 қазан: Нидерланд – Румыния – 1:1

11 қазан: Қазақстан – Әзербайжан – 3:2

Қалған ойындардың кестесі:

14 желтоқсан: Қазақстан – Нидерланд

15 желтоқсан: Әзербайжан – Румыния

20 желтоқсан: Румыния – Қазақстан

20 желтоқсан: Нидерланд – Әзербайжан

Қақпашылар: Лео Игита, Нарун Серіков, Канат Жеткірбаев;

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Біржан Оразов, Лео, Азат Валиуллин, Тайнан, Эдсон, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Дәурен Тұрсағұлов, Дамир Қайырбай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Нұрболат Батырханов, Ақжол Дәрібай, Асхат Құлбаев.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика