Вернуться к списку статей

Футзал: Әлем чемпионатының элиталық раундын сәтті бастадық

Футзал
277

Рикардо Кака жаттықтыратын футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportsarena.kz.

Нидерланд елінің Алмере қаласында өткен ойында Қазақстан құрамасы әр таймда бір-бір голдан соғып, маңызды үш ұпайды еншіледі. Алғашқы таймда Эдсон жылдам есеп ашса, екінші таймда Дәурен Тұрсағұлов матчтың нүктесін қойды

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 20 қыркүйек күні Алматыда Румыниямен өткізеді. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін кездесу 20:00-де басталады.

Элиталық раундта Қазақстан үш ойын өткізеді. Қарсыластар – Нидерланды, Румыния, Әзербайжан. 2024 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алу үшін тек бірінші орын алу қажет. Сонымен қатар әр топта екінші орын алғандардың үздік төртеуіне де мүмкіндік бар.

Әлем чемпионаты 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында Өзбекстанда өтеді.

Нидерланд – Қазақстан – 0:2 (0:1)

Голдар: Эдсон 4, Тұрсағұлов 28;

Ескертулер: Бузит 34, Бузамбу 38 – Тайнан 31;

Нидерланд: Кейк, Стет – Джеяр, Бухари, Буюзан, Бузит, Орриенс, Бузамбу, Бен-Халу, Ван Хаутум, Аттахири, Уадду, Тиенбош, Хих.

Қазақстан: Игита, Серіков – Тайнан, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Эдсон, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Рашит, Әбдіманапұлы.

Төрешілер:Манцьоне, Перона, Пеццуто (барлығы – Италия).

16.09.2023. Topsportcentrum. Алмере, Нидерланд.



Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика