Вернуться к списку статей

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатына жолдама алды

Футзал
278

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен Қазақстан мен Нидерланды кездесуіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келді. Оның қасында кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий болды.

Кездесудің 1-минутында Біржан Оразов ұлттық құраманы алға шығарды. Арада көп уақыт өтпей, Дуглас Джуниор айып соққысынан кейін есепті еселей түсті.

Үзілістен кейін таблода өзгеріс болмады. Матч соңына дейін ойын осы есеп сақталып қалды. Сөйтіп, Қазақстан мерзімінен бұрын әлем чемпионатына жолдама алды.

12732

Қазақстан – Нидерланды – 2:0

Голдар: Біржан Оразов, 1 (1:0). Дуглас, 7 (2:0).

Ескертулер: Мохамед Хих, 7. Абдессамадад Аттахири. 27ү

Қазақстан:Игита (Қ) (К), Лео, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Біржан Оразов, Нарун Серіков (Қ), Асхат Құлыбаев, Азат Валиуллин, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Дамир Қайырбай, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдуманапұлы;

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Алғашқы рефери:Адмир Захович;

Екінші рефери: Алеш Мочник-Перич;

Үшінші рефери: Ерней Петек (бәрі– Словения);

УЕФА делегаты:Андрей Мядзведзеу;

Бақылаушы төреші: Патрик Виллемарк (екеуі де – Беларусь);

Хронометрист: Аслан Галаев (Қазақстан).

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге А тобына түскен. Бес турдан кейін ұлттық құрама 100 пайыздық көрсеткішпен 15 ұпай жинады.

Одан кейінгі орындағы Румынияның – 7, Әзербайжанның – 3, Нидерландтың 1 ұпайы бар.

Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Элиталы раундтағы бес топтың жеңімпаздары әлемдік додаға тікелей жолдама алады. Ал 2-орын алған төрт үздік команда плей-офф матчтарында ойнайды. Олардың жеребесі 2024 жылы 25 қаңтарда тартылады. Ал ӘЧ жолдамасы үшін қалған екі матч 2024 жылдың 8-17 сәуіріне жоспарланған.

2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі. Элиталы кезең. «A» тобы.

Ойын нәтижелері:

15 қыркүйек: Нидерланд – Қазақстан 0:2

15 қыркүйек: Румыния – Әзербайжан 3:1

20 қыркүйек: Қазақстан – Румыния 4:3

20 қыркүйек: Әзербайжан – Нидерланд 6:1

6 қазан: Румыния – Нидерланд 2:1

6 қазан: Әзербайжан – Қазақстан 2:4

10 қазан: Нидерланд – Румыния 1:1

11 қазан: Қазақстан – Әзербайжан 3:2

14 желтоқсан: Қазақстан – Нидерланд 2:0

Келесі матчтардың кестесі:

15 желтоқсан: Әзербайжан – Румыния

20 желтоқсан: Румыния – Қазақстан

20 желтоқсан: Нидерланд – Әзербайжан.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика