Вернуться к списку статей

​«Барыс» ЦСКА-дан үшінші кезеңде шашылып қалды

Футзал
197

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында Астанада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен өткізді.

Матч 5:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Негізі басында бәрі жақсы басталған. Екі кезең бойы қарсыласпен терезі тең ойын көрсетті. Ал үшінші кезеңде команда тура мағынасында «шашылып қалды».

Константин Окулов екі, Андрей Светлаков бір шайба соғып, ЦСКА клубы жеңісті жұлып алды.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» алдағы ойынында елордада 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен өткізеді.

ЦСКА 58 ұпаймен «Шығыс» Конференциясында 7-орында тұр. Ал «Барыс» 11-сатыдан көтеріле алар емес. Команданың 44 ұпайы бар.

12905

«Ойынды екіге бөлуге болады. Бірінші және екінші кезеңде өте жақсы ойнадық. Қаншама мүмкіндіктеріміз болды. Ал үшінші кезеңде команда білгенінен жаңылды. Бәлкім, шеберлік жетіспеген болар. Голсыз ойын қиын. Әйтпесе, қауіпті сәттеріміз ЦСКА-дан кем емес. Олардың шебер ойыншылары көп. Жарақат та әсер етіп жатыр. Старченко, ЛаБейт, Грант, Паскуале жетіспей тұр. Өкінішке қарай, жағдай осылай», -дейді «Барыс» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Олег Болякин.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – ЦСКА (Мәскеу, Ресей) – 2:5

Шайба

0:1 03:39 Абрамов (Плотников, Дыбленко).
1:1 23:03 Шестаков (Оберг, Апальков).
1:2 26:11 Мамин (Каменев).
2:2 39:09 Апальков (Оберг, Скленичка).
2:3 42:19 Окулов (Абрамов, Дыбленко).
2:4 44:36 Светлаков.
2:5 52:15 Окулов (Плотников).


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика