Вернуться к списку статей

Жастар құрамасының жеңбегеніне үш жылдан асты

Футбол
189

Ұлттық құрама жеңісімен қуантып жатқан соң, жастар құрамасының сәтсіздігі туралы көп айтыла бермейді. Бірақ Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын жастар құрамасының ресми ойындарда қарсыластан басым түспегеніне үш жыл болыпты.

Соңғы рет 2020 жылы қыркүйекте Израиль жастарын жеңгенбіз. Ол тұста Эльхан Астанов, Еркебұлан Сейдахмет, Артур Шушеначев, Әлібек Қасым, Мұхамеджан Сейсен ойнап жүрді. Ал қазіргі жастардың сериялық жеңілісі түрлі ойларға жетелейді. Өйткені ұлттық құраманың орнын басатын осы жастар.

Жақында «Барселона», «Реал», «Ливерпуль» командаларында ойнайтын жас таланттары бар Испанияны қабылдап, 0:4 есебімен жеңілді. Мәселе есепте ғана емес, жігіттердің тым қауқарсыз болуы. Осыдан 15 жыл бұрын да Қазақстан Испания жастарымен ойнаған. Тіпті, қарсыластың құрамындағы жұлдыздарды санамалап тауыса алмайсың. Пике, Гранеро, Каллехон, Педро Родригестер Алматының Орталық стадионында доп тепкен. Сол тұста Таңат Нөсербаев бастаған жігіттер лайықты қарсылас болған. Ерзат Кенбаев гол соққан еді.

Бұл жолғы жастардың көздерінен ондай отты көрмедік. Футбол сарапшылары бапкерді кінәлайды.

«Жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетовті алып тастау керек. Қатарынан 15-16 ойын ұта алмай келе жатыр. Нұрдәулетов жастарға ештеңе бере алмайды. «Мақтааралын» жаттықтырып жүре берсін. Испаниямен матчта ойын көре алмадық. Бір кездері Мирослав Беранек ұлттық құраманы баптаған Қайрат Нұрдәулетов капитан болған. Сол Беранектен үйренген қорқақ футболын көрсетіп жатыр», - дейді футбол инсайдері Қазыбек Тайланов.

Сол секілді футбол сарапшысы Шыңғыс Сенғажиев те бапкер құрамды дұрыс таңдай алмайды деп отыр.

«Елде негізі талантты жастар бар. Бірақ бапкер оларды тиімді пайдалана алмайды. Құрамды таңдауда жиі қателеседі. Үш жылдан бері жеңіс көрмеу деген масқара жағдай. Тактикасы нашар екен», - дейді сарапшы.

Қазыбек Тайланов та әріптесінің сөзін толық қолдап отыр.

«Алты-жеті қорғаушыны алаңға шығарып қойған. «Қайратта» сол қапталда қорғаушы болып жүрген Лев Кургинді жартылай қорғаушы ретінде ойнатты. Нұралы Жақсылық қосалқы құрамнан қосылды. Өте жақсы ойнап берді. Соны неге алғашқы минуттан ойнатпайды? Саиф Попов деген бар. Оның не істеп жүргенін түсінбейсің», - дейді ол.

Қазіргі жастар құрамасы сапында Жамбыл Көкеевтің інісі Жаннұр Көкеев ойнап жүр. Ол Алматының «Қайрат» клубының екінші командасында өнер көрсетеді.

Қазақстан U-21 – Испания U-21 – 0:4
Голдар:
Лопес Ф, 11 (0:1). Лопес Д, 54 (0:2). Мартинес, 56 (0:3). Омородион, 90 (0:4).

Қазақстан U-21: Темірлан Анарбеков (Қ), Егор Ткаченко, Мейрамбек Қалмырза, Әділбек Жұмаханов (К), Дамир Қасболат (Ерсұлтан Қалдыбеков 84), Әділхан Добай, Абылайхан Назымханов, Әділет Садыбеков (Нұралы Жақсылық 69), Лев Кургин (Айбар Абдулла, 76), Нұрғайни Бөрібаев (Жаннұр Кукеев, 69), Денис Митрофанов (Саиф Попов, 46);

Испания U-21: Пабло Куньят (Қ), Альваро Фернандес, Рафаэль Марин, Алехандро Франсес, Уго Новоа, Фермин Лопес, Бенят Турриентес (Икер Муньос, 82), Пабло Торре (Хави Герра 72) – Диего Лопес (Габи Вейга, 82), Фран Перес (Ассан Диао, 64), Карлос Мартин (Самуэль Омородион, 72);

Рефери: Вальтер Альтманн (Австрия)

Астана, «Астана Арена». 5 778 көрермен.

Еуро-2025 іріктеу турнирі

В тобы:

Орын

Құрама

О

Ж

Т

Ж

Д-а

Ұ

1

Испания

3

3

0

0

11-0

9

2

Бельгия

3

3

0

0

4-0

9

3

Шотландия

3

2

0

1

5-3

6

4

Венгрия

4

2

0

2

6-4

6

5

Қазақстан

3

2

0

3

0-7

0

6

Мальта

4

0

0

4

1-13

0

Алдағы ойындардың күнтізбесі:

16.11.2023

Мальта – Қазақстан

21.03.2024

Шотландия – Қазақстан

26.03.2024

Қазақстан – Венгрия

05.09.2024

Қазақстан – Мальта

10.09.2024

Қазақстан – Бельгия

10.10.2024

Испания – Қазақстан

15.10.2024

Қазақстан – Шотландия.




Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика