Вернуться к списку статей

«Тобыл» үшінші рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

Футбол
6K

Түркияда өткен Қазақстан Суперкубогы Қостанайдың «Тобыл» клубына бұйырды. Олар пенальти сериясында Шымкенттің «Ордабасы» командасын жеңді.

Матч Антальядағы «Титаник Мардан» стадионында өтті. Кезінде жасөспірімдер Еуропа чемпионаты мен көптеген жолдастық кездесулерді қабылдаған стадион маусымның алғашқы ресми жүлде иегерін анықтады.

Бірінші таймның соңында «Ордабасы» қорғаушысы Евгений Макаренко бірінші болып есеп ашты. Ал «Тобыл» қорғаушысы Иван Миладинович 63-ші минутта есепті теңестірді. Нәтижесінде клубтар жеңімпазды анықтау үшін, пенальти сериясына жүгініп, онда сәттілік «сары-жасыл» жағында болды. Кездесу бойынша «Тобыл» капитаны Роман Асранқұлов аталмыш жеңісті Қостанай қаласының барлық тұрғынына арнады.

«Ойын эмоционалды өтті. Біз жанкүйерлердің алдында ақталу үшін, екінші финалда жеңіске жеткіміз келді.«Ордабасы» — мықты команда. Құдайға шүкір, басымдылық біздің тарапта болды және нәтижесінде жеңдік. Бұл жеңісті барлық жанкүйерлерге, Қостанай қаласына арнаймыз. Қостанай жанкүйерлеріне жеке алғыс айтқым келеді. Ұжымдық жұмыстың арқасында біз оң нәтижеге қол жеткіздік», - деді Роман Асранқұлов.

Осылайша, «Тобыл» Қазақстан суперкубогының үш дүркін чемпионы атанды.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Тобыл» (Қостанай) – 1:1, пенальтиден– 5:4
Голдар:Евгений Макаренко, 45 (1:0). Иван Миладинович, 63 (1:1).
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (Қ), Златан Шехович (Владислав Васильев, 87), Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Игорь Пластун, Реджинальдо, Ловро Цвек, Асхат Тағыберген (К) (Максим Федин, 68), Евгений Макаренко, Шохбоз Умаров, Жасур Яхшибоев;
Резерв: Карло Сентич (Қ), Сағадат Тұрсынбай, Ғафуржан Сүйімбаев, Муроджон Халматов, Батырхан Тажибай, Зикрилло Султаниязов – Еркебулан Тунгышбаев, Всеволод Садовский, Артём Беседин;
Бас бапкер: Александр Седнев.
«Тобыл»: Стас Покатилов (Қ), Роман Асранкулов (К), Иван Миладинович, Папе-Альюне Ндиайе, Альберт Габараев – Эссьен Эдедем, Ахмед Эль-Мессауди, Евгений Шахов, Игор Иванович (Жасұлан Жұмашев, 66), Ислам Чесноков, Дэвид Хенен (Еркін Тапалов, 61);
Резерв: Cултан Бусурманов (Қ) Юрий Мелихов (В) – Давид Домжони, Ермек Абдула, Радослав Цонев, Бейбит Галым, Руслан Валиуллин, Нургайни Бурибаев, Годберг Купер;
Бас бапкер: Милич Чурчич.
Белек, Түркия.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика