Вернуться к списку статей

Тарихи матч. Қазақстан құрамасы бүгін Грекияға аттанады

Футбол
2K

Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысы аясында Қазақстан құрамасы Грекиямен кездесу үшін Афиныға аттанады. Құрама осыған дейін Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізген.

Сол жиында жігіттер Түрікменстан құрамасын 2:0 есебімен жеңген еді. Күні кеше құрамаға Түркияда доп тебетін Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов келіп қосылды.

Зайнутдинов – Стамбұлдың «Бешикташында», Айымбетов «Адана Демирспор» клубында ойнап жүргені белгілі. Енді құрама сапына Санкт-Петербургтен Нұралы Әліп келуі керек.

Еске салайық, 21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Афиныда Грекиямен кездесу өткізеді. Жеңгені финалға шығып, бірінші орынға және Еуропа чемпионатына берілетін жолдамаға таласады.

Әзірге Идрис Умаевтың жағдайы белгісіз. 25 жастағы ресейлік шабуылшы бірнеше күннен бері Қазақстан азаматтығын алу процесімен жүгіріп жүр.

Бас бапкер Магомед Адиевтің айтуынша, Умаевтың құрамаға қосылуы шабуылда таңдау жасауға мүмкіндік береді.

13149

Жалпы, Грекиямен матчқа қатысатын ойыншылар тізімі мынандай:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»)

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Александр Марочкин, Ян Вороговский (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»)

Ал Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет ол Қазақстанды «жеңіп», финалдық матчқа да жоспар құрып тастаған. Яғни, Грузия – Люксембург жұбының қай жеңгенімен онаймыз деп алақанын ысқылап отыр.

Грекия баспкері Қазақстанға қарсы мына ойыншыларды алаңға шығарады:

Афанасиадис, Пасхалакис, Диудис, Влаходимос, Хацидиакос, Кулиеракис, Мавропанос, Рецос, Цавеллас, Балдок, Рота, Салиакас, Цимикас, Бакасетас, Бухалакис, Курбелис, Мандалос, Сиопис, Зека, Хацигиованис, Констанделиас, Масурас, Пелкас, Цолис, Гиако Умакис, Иоаннидис, Павлидис.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика