Вернуться к списку статей

Тағыберген неге ашуға ырық берді?

Футбол
228

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» кездесуі біразға дейін ұмтылмайтын сияқты. Иә, матч көпшілік күткендей тартысты өтті. Сонымен «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыбергенмен жергілікті жанкүйерлердің арасындағы дау-дамай, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Қазіргі кезде әр түрлі версиялар айтылып жатыр. Нақты анығы, матчтан кейін Асхатты жанкүйерлер балағат сөздермен шығарып салды. Ал ол жауап ретінде мысқылмен қошемет көрсетті.

Футболшы 2013-2015 жылдары «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен. Сосын атышулы Дмитрий Васильев клубты басқарғанда Асхат Тағыберген де «Ақтөбеден» кеткен болатын. Сосын жалақысын талап етіп, клубты сотқа бергендердің бірі. Осыдан кейін Тағыберген мен «Ақтөбе» жанкүйерлері арасында салқындық байқалатын.

Бұл жолы ол «Ордабасы» сапында алғашқы голды соғып, тойлағаны бар. Бұл «Ақтөбе» фанаттарына ұнаған жоқ. «Ақтөбе"» клубының бұрынғы спорттық директоры Асхат Қалжановтың айтуынша, матчтан кейін капитан Нұрбол есімді жергілікті жанкүйерге ашуын көрсеткен. Осыдан кейін балағат сөздер айту басталған.

Осыдан жағдайдан кейін желіде қызу талқы басталды. «Ақтөбе» жанкүйерлерін жазғырып жатқандар да бар. Кейбір мамандардың пікірі басқаша.

«Асхат алғашқы голды соққанда жанкүйерлерді арандатты. Әсіресе, бұл «13 секторға» ұнаған жоқ. Шыны керек, «Ақтөбе» жанкүйерлері ерекше. Олар флешмоб жасайды, өз сүйікті командаларын белсенді қолдайды. Тағыбергенді Қазақстанның дәл қазіргі таңдағы үздік ойыншысы деп санаймын. Бірақ бұл жерде оның әрекеті дұрыс емес. Өйткені ұлттық құрама капитаны, бәріміз жанкүйерміз. Асхатқа қарап көбісі бой түзейді. Мұндай әрекет жанкүйерлердің ызасын тудырады.Мұндай әрекет үшін болашақта жазалау керек. Еуропа чемпионаттарында дәл солай. Әзірге кім бірінші бастағаны белгісі», -дейді ардагер футболшы Болат Есмағамбетов.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика