Вернуться к списку статей

Магомед Адиев: Ян Вороговсикйдің деңгейі түскені рас, бірақ себебі бар...

Футбол
231

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Финляндиямен кездесу қарсаңында тілшілердің сауалына жауап берді.

Команда Даниямен өткен қиын матчтан кейін функциональдық және эмоционалдық тұрғыдан өздерің қалай сезінеді?

– Әрине, Даниядағы жеңілістің әсер еткені жасырын емес. Дегенмен, біздің ойын құрметке лайық деп санаймын. Жігіттерде алаңдаушылық бар екені байқалады. Бірақ өткен ойынды ұмыт деп айттық. Проблема болмуы тиіс. Жаттығудан кейін картина белгілі болады.

Ертең қорғанысқа бейімделген тактика ма әлде шабуылға жақын ойынмен таңқалдырасыздар ма?

– Біз қорғаныста жатып қалмаймыз. Қарсыластың деңгейін түсінеміз. Оның үстіне, үш ұпайға талас бар. Құрамда белгілі бір өзгеріс болатыны анық. Бұл жоспарлы ротация. Өз күшімізді тиімді пайдалануды көздейміз. Жаңа леп қажет.

Александр Зуев Финляндиямен матчта алаңға шығуы мүмкін бе?

– Зуев қалыпқа келді. Алматыдағы жаттығу кезінде дискомфорт болған. Даниямен ойын алдында шығарам деп ойламадым. Ал қазір алаңға шығару жоспарымда бар. Нақтысы жаттығудан кейін анықталады. Ойнауы да, ойнамауы да мүмкін. Онымен әлі сөйлесу керек.

– Оң қапталдағы Бағдат Қайыровтың ойынын қалай бағалайсыздар?

– Ол жаман матч өткізген жоқ. Қорғаныста пайдасы тиді. Бағдаттың қорғаныста пайдасы мол. Сонымен қатар шабуылға да көмектеседі. Даниямен кездесуде нәтижелі пас берді. Өзінің де тамаша гол соғатын мүмкіндігі болған.

– Вороговскийді «Астанаға» ауысқан соң сынайтындар көбейді. Бельгия чемпионатындағы кезеңмен салыстырғанда деңгейі түскені рас па?

– Ян шынымен де бәсеңдеп қалған. Бірақ неге бұлай болды? Өйткені «Астанамен» оқу-жаттығу жиындарын өткен жоқ. Бельгияда командасы сол кезде демалыста болды. Жаңа командасына ешқандай дайындықсыз келген. Сондықтан функциональдық тұрғыда мәселе кездесті. Ал қазір жағдайы түзеліп келеді. Алайда екі матчта доп тебуі қиындау.

– Құрамаға жаңадан қосылған футболшының бірі – Иван Свиридов. Финляндиямен кездесуде алаңға шығу мүмкіндігі қалай болар екен?

– Ваня Алматыдағы жиында мені таңқалдырды. Даниямен кездесуде хаттамаға ілікті. Копенгагенде алаңға шығаруым да мүмкін еді. Соңғы сәтке дейін Чесноков екеуінің біреуін таңдау керек болды. Бәлкім, ертең шығып қалар.

Айта кетейік, Финляндия мен Қазақстан арасындағы ойын 17 қазанда Хельсинкиде өтеді.

Н тобының турнир кестесі:

Орын

Құрама

О

Ж

Т

Ж

Д-а

Ұ

1

Словения

7

5

1

1

16-6

16

2

Дания

7

5

1

1

15-6

16

3

Финляндия

7

4

0

3

11-7

12

4

Қазақстан

7

4

0

3

10-8

12

5

Сол. Ирландия

7

2

0

5

7-8

6

6

Сан-Марино

7

0

0

7

0-24

0

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика