Вернуться к списку статей

Люблянада жолымыз болмады. Ендігі бағыт – Афины

Футбол
247

Бұл ойынды тіпті Қазақстанда футболды бұрын-сонды көрмегендер де күтті. Көпшіліктің үмітін оятты. Өкініштісі, сәл жетпеді. Дегенмен, 6 ойында 18 ұпай жинап, тарихта жаңа рекордымызды орнаттық.

Бұл Еуро-2024 іріктеу кезеңінің топтық кезеңінің соңғы ойыны болатын. 16 мың адам сыятын Любляна қаласындағы «Стожице» стадионына Қазақстан жанкүйерлері де көптеп жинады. Ұлттық құрама жігіттеріне қызу қолдау көрсете білді.

Матч 2:1 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. Дегенмен, жігіттер соңына дейін берілмей, тіпті жеңісті жұлып алатын сәті болған.

Бірінші таймның соңғы жағында Беньямин Шешко пенальтиден есеп ашып, Словенияны алға шығарды. Бас төреші қорғаушы Ян Вороговский тәртіп бұзғанын байқап қалды.

Үзілістен кейін біздің жігіттер тез естерін жинаған болатын. Бірден допқа иелік етіп, шабуыл ұйымдастырды. Жоспар жүзеге асты. Максим Самородовтың жеке шеберлігінің арқасында Рамазан Оразовтың аяғына доп сәтті келе қалды. Словенияның «Копер» клубында ойнайтын жартылай қорғаушы мүлт кеткен жоқ. Таразы басы теңесті.

12575

Ал кезеңге кіре салысымен Қазақстан футболшылары бірден допқа иелік етіп, таразы басын теңестіруге ұмытылды. Бұл жоспарлары тез жүзеге асты. Оң қапталдан ұйымдастырған шабуылды Самородов өрбітіп, Оразовты сәтті нүктесін қоя білді. Есеп – 1:1.

Өкінішке қарай, 86-минутта ойынға екінші таймда қосылған Вербич Словенияның жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 2:1.

Осылайша, тікелей жолдама қолдан сусып кетті. Дегенмен, Қазақстанның Еуро-2024 чемпионатына шығатын тағы бір мүмкіндігі бар. Ол үшін келесі көктемде Ұлттар лигасында жеңіске жетуі тиіс.

Словения – Қазақстан – 2:1

Голдар: Шешко. 41-пенальтиден (1:0). Оразов, 48 (1:1). Вербич, 86 (2:1).

Словения: Ян Облак (Қ), Жан Карничник, Миха Блажич, Яка Бийол, Эрик Янжа (Ваня Дркушич, 87), Петар Стоянович (Йон Станкович, 92), Адам Черин, Тими Элшник, Ян Млакар (Беньямин Вербич, 72), Беньямин Шешко, Андраж Шпорар (Ясмин Куртич, 87);

Қазақстан:Игорь Шацкий (Қ), Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров, Абзал Бейсебеков (К) (Еркін Тапалов, 81), Исламбек Қуат (Арман Кеңесов, 64), Ислам Чесноков (Иван Свиридов, 81), Рамазан Оразов, Максим Самородов (Абат Айымбетов, 92);

Қазақстан Еуро-2024 іріктеу кезеңінің H тобында 6 матчты жеңіп, 18 ұпай жинады. Біздің топтан Дания мен Словения тікелей жолдама алды.



Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика