Вернуться к списку статей

Ұлттар лигасындағы қарсыластар анықталды

Футбол
86

Франция астанасы – Париж қаласында футболдан 2024-2025 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды.

Жеребе тарту рәсімінен бұрын ел құрамасы төртінші қоржынға орналастырылды. Бұл себетте Грузия, Түркия, Люксембург құрамалары болды. Ал жеребенің қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

12999

Ұлттар лигасының жаңа маусымы қыркүйекте басталады.

А лигасы

Бірінші топ: Хорватия, Португалия, Польша, Шотландия.

Екінші топ: Италия, Бельгия, Франция, Израиль.
Үшінші топ: Нидерланд, Венгрия, Германия, Босния және Герцеговина.
Төртінші топ: Испания, Дания, Швейцария, Сербия.

В лигасы

Бірінші топ: Чехия, Украина, Албания, Грузия.
Екінші топ: Англия, Финляндия, Ирландия, Греция.
Үшінші топ: Австрия, Норвегия, Словения, Қазақстан.
Төртінші топ: Уэльс, Исландия, Черногория, Түркия.

С лигасы


Бірінші топ: Әзербайжан, Швеция, Словакия, Эстония
Екінші топ: Румыния, Косово, Кипр, Литва/Гибралтар
Үшінші топ: Люксембург, Болгария, Солтүстік Ирландия, Беларусь
Төртінші топ: Армения, Фареры, Солтүстік Македония, Латвия

D лигасы

Бірінші топ: Литва/Гибралтар, Сан-Марино, Лихтенштейн.
Екінші топ: Молдова, Мальта, Андорра.

Топтық кезең ойындары 5 қыркүйек пен 19 қараша аралығында өткізіледі.

13000

Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі (Астана уақыты бойынша):

6 қыркүйек.|19:00. Қазақстан – Норвегия
9 қыркүйек. 23:45. Словения – Қазақстан
10 қазан. 23:45. Австрия – Қазақстан
13 қазан. 18:00. Қазақстан – Словения
14 қараша. 20:00. Қазақстан – Австрия
17 қараша. 22:00. Норвегия – Қазақстан

Топ жеңімпазы автоматты түрде А лигасына көтеріледі. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен үйде және сыртта плей-офф ойындарында кездеседі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады.

«Қиын топқа түстік. Оны мойындаймын. Бірақ тобымыз қиын екен деп қол қусырып отырмаймыз ғой. Сол үшін әрбір матчты жеңу үшін ойнаймыз. Иә, қарсыластар оңай емес. Түсінемін. Десек те Холанд, Алаба секілді ойыншылар келсе, жауапкершілік артады. Ал Словениямен есебіміз бар. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Словениядан есені қайтару керек», – деді ол.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика