Вернуться к списку статей

Қысқы маусымның кубогы «Ордабасыға» бұйырды

Футбол
101

Бүгін Түркияның Белек қаласында футболдан Winter Cup кубогы мәреге жетті. Финалда Шымкенттің «Ордабасы» клубы мен Қостанайдың «Тобылы» кездесті.

Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмағанмен, пенальти сериясында шымкенттік футболшылардың жолы болды. Жеңімпаз командаға 60, екінші орынға 40 миллион теңге берілді

«Ордабасы» (Шымкент) –«Тобыл» (Қостанай) – 0:0, пенальтиден – 7:6

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (Қ) – Златан Шехович, Сағадат Тұрсынбай, Сергей Малый (К), Игорь Пластун (Таир Нұрсейтов, 87), Реджинальдо – Ловро Цвек (Всеволод Садовский, 59), Самат Жарынбетов – Шохбоз Умаров, Жасур Яхшибоев (Максим Федин, 59), Еркебұлан Тұңғышбаев;

Резерв:Қажымұқан Төлепберген (Қ), Карло Сентич (Қ) – Гафуржан Сүйімбаев – Муроджон Халматов, Владислав Васильев, Батырхан Тәжибай, Зикрилло Сұлтаниязов;

Бас бапкер:Александр Седнев.

«Тобыл»: Cултан Бусурманов (Қ) – Роман Асранкулов (К) (Эссьен Эдедем, 67), Альберт Габараев, Папе-Альюне Ндиайе, Еркін Тапалов, Ахмед Эль-Мессауди, Радослав Цонев (Бейбіт Ғалым, 37), Руслан Валиуллин, Игор Иванович (Нұрғайни Бөрібаев, 67) – Ислам Чесноков, Дэвид Хенен;

Резерв:Юрий Мелихов (Қ) – Иван Миладинович, Ермек Абдула – Әлібек Жайлаубаев, Нұрбек Байжанов, Жасұлан Жұмашев;

Бас бапкер: Милич Чурчич.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика