Вернуться к списку статей

Катарда Азия кубогы басталды

Футбол
95

2022 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізген Катар енді Азияның 24 мықтысын қабылдап жатыр. Яғни бұл елде Азия кубогы басталды.

Негізі сары құрлық додасы 2023 жылы Қытайда өту керек болған. Бірақ олар коронавирусқа бас тартты. Сондықтан Катар өз мойнына алды. Айтпақшы, Катар 2019 жылы соңғы өткен Азия кубогының иегері екенін де атап өту керек. Өз алаңында чемпиондықты қорғауға жақсы мүмкіндік туып тұр. Алғашқы ойын 12 қаңтарда алаң иелері Катар мен Ливан арасындағы кездесумен басталды. Бұл матчта Катар футболшылары 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындар бес қаладағы 9 стадионда өтеді. Азия кубогында Қазақстанмен көршілес жатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан құрамалары да ойнайды.

Құрмалар мынадай топқа бөлінген:

А тобы: Катар, Қытай, Тәжікстан, Ливан;

В тобы: Австралия, Өзбекстан, Сирия, Үндістан;

С тобы: Иран, БАӘ, Гонконг, Палестина;

D тобы: Жапония, Ирак, Вьетнам, Индонезия;

E тобы: Оңтүстік Корея, Малайзия, Иордания, Бахрейн;

F тобы: Сауд Арабиясы, Оман, Таиланд, Қырғызстан.

12879

Жалпы Азия кубогын Жапония 4 мәрте жеңіп, көш басында тұр. Сауд Арабиясы мен Иран – 3 реттен, Оңтүстік Корея – 2, Аустралия, Катар, Ирак, Кувейт, Израиль – 1 реттен жеңімпаз атанған.

Opta Analyst суперкомпьютері футболдан Азия кубогын жеңуі мүмкін құрамаларды таңдады. Басты фаворит – Жапония. Суперкомпьютер бұл команданың мүмкіндігін 24,6 пайызға бағалап отыр. Екінші орында Оңтүстік Корея (14,3 пайыз) тұр. Бұл құрама финалға дейін жетеді деп күтіледі. Сонымен қатар Иран (11,2 пайыз) мен Аустралия (10,7 пайыз) тізімді толықтырған. Сауд Арабиясы (10,6 пайыз) да кубокқа үміткерлер қатарына кірген. Ал жарыс қожайындары Қатар құрамасының жеңуге 9,8 пайыз мүмкіндігі бар деп болжанды.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика