Вернуться к списку статей

Қазақстан қыздары “Кубань көктемінде” – соңғы орында

Футбол
1K
Румыния-U19 – Қазақстан-U19 кездесуінен көрініс. Фото: rfs.ru
Сочиде 19 жасқа дейінгі бойжеткендер арасындағы «Кубань көктемі» халықаралық турнирі аяқталды.

«Кубань көктемі» халықаралық турниріне қатысқан Қазақстан-U19 құрамасының қыздары барлық ойында ұтылып, соңғы орынға табан тіреді. «А» тобындағы үш ойында да ұтылған соң 5-8 орындар сарапқа салынатын төрттікте бақ сынаған.

Әуелі «В» тобында үшінші орынға ие болған Румыния бойжеткендерімен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылып қалды. Содан соң 7-орынды Краснодар өлкесі қыздарымен сарапқа салып, тағы да (топтық кезеңдегідей) 0:3 есебімен ұтылды.

Сөйтіп, Петр Пак жаттықтыратын қыздарымыз «Кубань көктемі» халықаралық турнирінде бес ойын өткізіп, бесеуінде де ойсырай ұтыды. Осы бес матчта бір-ақ гол соғып, өз қақпаларына 22 доп жіберіп алды. Орта есеппен әр ойында – 4,4 голдан.

«Кубань көктемі» халықаралық турнирі

Жартылай финалдық кезең:

1-4 орындар

Беларусь-U19 – Словения-U19 – 2:0

Ресей-U19 – Иран-U19 – 3:0

5-8 орындар

Әзірбайжан-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 2:1

Румыния-U19 – Қазақстан-U19 –  4:0

Финалдық ойындар:

7-орын үшін: Краснодар өлкесі-U19 – Қазақстан-U19 –  3:0

 5-орын үшін: Румыния-U19 – Әзірбайжан-U19 – 3:2

3-орын үшін: Словения-U19 – Иран-U19 – 3:1

Финал: Ресей-U19 – Беларусь-U19 – 0:0 (пенальтиден – 4:3)

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика