Вернуться к списку статей

Жасыл алаңда сырғалымдар “сұрыпталады”

Футбол
1K
Оқу-жаттығу жиынында ұлттық құрама жасақталады. Фото: kff.kz
Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындалады, – деп хабарлайды отандық футбол федерациясының ресми сайты.

Әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы 27 наурыздан 2 сәуірге дейін Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді екен. Осы жиыннан соң сәуір айында Грузияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінде ел намысын қорғайтын құрама сапы бекітіледі екен.

Осы айдың аяғында дайындықты бастайтын кеңейтілген тізімге 24 футболшы қыз-келіншек ілігіпті. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысып, бұл қызметке Айтбай Жамантаев тағайындалған болатын.

Ал әйелдер арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу долдасына келер болсақ, Қазақстан құрамасы електік сында Эстония, Латвия және Грузия құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Енді оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшы қыз-келіншектер тізімімен таныс болыңыздар:

қақпашылар – Мәдина Шойкина («БИІК-Қазығұрт»), Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Саратовцева («Оқжетпес»), Александра Гребенюк («БИІК-Қазығұрт»);

қорғаушылар – Ұлболсын Жолшиева («БИІК-Қазығұрт»), Карина Әділханова (БЖСМ, Семей), Екатерина Красюкова («БИІК-Қазығұрт»), Юлия Мясникова («БИІК-Қазығұрт»), Мария Демидова («БИІК-Қазығұрт»);

жартылай қорғаушылар – Бегайым Қырғызбаева («БИІК-Қазығұрт»), Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Мәдина Жаңатаева («БИІК-Қазығұрт»), Әйгерім Әйтімова («Астана»), Камила Құлмағамбетова («БИІК-Қазығұрт»), Жәмилә Қайырбекова («Оқжетпес»), Әйгерім Әлімқұлова («Оқжетпес»), Карина Жұмабайқызы («БИІК-Қазығұрт»), Екатерина Бабшук («БИІК-Қазығұрт»), Адиля Вылданова («БИІК-Қазығұрт»), Ксения Хайрулина («БИІК-Қазығұрт»), Аида Гайстенова («Астана»), Юлия Николаенко («БИІК-Қазығұрт»);

шабуылшылар – Мария Ялова («Астана»), Светлана Бортникова («БИІК-Қазығұрт»).

Жаттықтырушылар:
Айтпай Жамантаев – бас бапкер,
Владимир Ляпкин – аға жаттықтырушы,
Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы,
Анна Кадуцкая – дене даярлығы жатықтырушысы.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика