Вернуться к списку статей

Жыл аяқталғанда қыздарымыз Түркияға жаттығуға аттанды

Футбол
1K
Жыл аяқталғанда қыздарымыз Түркияға жаттығуға аттанды
Әдетте оқу-жаттығу жиынын маусым алдында өткізетін еді, алайда Қазақстан әйелдер құрамасы Түркиядағы жиынға жыл соңына тақағанда аттанды.

Бас бапкер Айтпай Жамантаев бастаған аруларымыз Жерорта теңізінің жағалауында желтоқсанның 19-ына дейін жаттығады.  Жерлестеріміз Белекке орналасыпты. Жаттықтырушылар алқасы бұл жиынға 21 футболшы алып кеткен.

Қазақстан қыздар құрамасы

Қақпашылар: Ирина Сандалова («Оқжетпес» Көкшетау), Назым Исмаилова (№7 БЖСМОР Шымкент)

Қорғаушылар: Мария Демидова, Зүлейра Әбішева, Александра Бурова (бәрі де –  №7 БЖСМОР Шымкент), Бибігүл Нұрышева («Оқжетпес» Көкшетау), Әсем Жақсымбай, Құндыз Қожахмет (екеуі де - №2 ОБЖСМ Ақтөбе), Анастасия Власова (МЖШСМ-«Барыс» Алматы), Гүлмира Ташмет, Арайлым Орынбасарова (екеуі де - РСШИКОР Астана)

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Адиля Вылданова (екеуі де - «БИІК-Қазығұрт» Шымкент), Назерке Шалмұхамбетова, Алина Шалмұхамбетова, Әсемгүл Аруова (бәрі де - РСШИКОР Астана), Карина Жұмабайқызы, Әсел Тұрлыбекова (екеуі де - №7 БЖСМОР Шымкент), Әйгерім Әлімқұлова («Оқжетпес» Көкшетау), Аида Гайстенова (МЖШСМ-«Барыс»).

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева, Светлана Бортникова (екеуі де - «БИІК-Қазығұрт» Шымкент).

Әлбетте, шетелге оқу-жаттығу жиынына шығып тұрған жақсы ғой. Бірақ қыздарымыздың келесі кездесуі сәуірдің 9-ында өтпек. Өз жерімізде Ресей қыздарын қабылдаймыз. Оған дейін төрт ай уақыт бар. Соншалықты асығыстық танытатындай не көрінді? Әлде, қазір бір, сол кезде тағы бір Түркияда жаттығу жиынын өткіземіз бе? Солай болатын болса жақсы ғой. Онда қыздар футболына деген көзқарастың оңарғаны деп есептер едік.

Жалпы, 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында қыздарымыз төрт ойын өткізіп, төртеуінде де жеңіліп қалды. Алда тағы төрт матч қалды.  

2019 жылғы ӘЧ іріктеу додасының аясындағы Қазақстан қыздар құрамасының алдағы ойындары:

09.04.2018 ж. Қазақстан – Ресей

12.06.2018 ж.  Босния және Герцеговина – Қазақстан

30.08.2018 ж. Ресей – Қазақстан

04.09.2018 ж. Қазақстан – Англия

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика