Қазақстан чемпионы «БИІК-Қазығұрт» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8-финалында азуы алты қарыс «Лион» клубымен кездесетін болды. Бірінші ойын Шымкентте, қарымта матч Францияда өтеді.
«Лион» – Францияның 15 дүркін чемпионы. Өз елінің кубогын 9 рет жеңіп алған. УЕФА Чемпиондар лигасын төрт рет топ жарды. Екі рет финалына шыққан. Бұл жағынан немістің «Франкфурт» қыздарымен теңесті (4 кубок, 2 финал).
Алайда, «Франкфурт» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасын 2015 жылы жеңіп алған. Содан бері финалға да шыға алмай жүр. Қазір «Лионның» дәурені жүріп тұр. Соңғы екі жылда қарсылас шақ келтірмей жүр. Биыл үшінші рет қатарынан ЧЛ жеңімпазы атанып, соны жетістікке қол жеткізбек.
Чемпиондар лигасы. Әйелдер. 1/8-финалында кездесетін командалар
(бірінші ойын – 8/9 қарашада, қарымта матч – 15/16 қарашада)
"БИІК-Қазығұрт" (KAZ) – "Лион" (FRA, чемпион)
"Спарта" Прага (CZE) – "Линчепинг" (SWE)
"Гинтра" (LTU) – "Барселона" (ESP)
"Челси" (ENG) -– "Русенгорд" (SWE)
ЛСК (NOR) – "Манчестер Сити" (ENG)
"Брешия" (ITA) – "Монпелье" (FRA)
"Фиорентина" (ITA) – "Вольфсбург" (GER)
"Стьярнан" (ISL) – "Славия" Прага (CZE)
Өздеріңіз байқап отырғандай, Чемпиондар лигасының 1/8-финалына көрші елдердің көбісінің командалары іліккен жоқ. Мәселен, Ресейдің екі клубы да 1/16-финалында сүрінген. Ал «БИІК-Қазығұрт» 1/8-финалына екінші жыл қатарынан шығып отыр.