Вернуться к списку статей

Қыздарымыз Франция бойжеткендерінен оңбай ұтылды

Футбол
1K
Франция-U17 – Қазақстан-U17 – 12:0. Фото: fff.fr
Қазақстан бойжеткендері 2018 жылғы қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін ірі жеңіліспен бастады.

Орынбасар Дәуренбекова жаттықтыратын қыздар арасындағы Қазақстан-U17 құрамасы бесінші іріктеу тобына түскен болатын. Бұл топтың ойындары Данияның Колдинг қаласында өтіп жатыр. Кеше түнде бірінші күнгі ойындар өтті.

Қазақстан қыздары Франция бойжеткендерімен кездесіп, 0:12 есебімен ойсырай ұтылып қалды. Бірінші таймда тоғыз гол жіберіп алып, еш қайрат көрсете алмады. Ал осы топтағы екінші ойында алаң иелері, яғни Дания-U17 құрамасы Уэльс қыздарынан 2:0 есебімен басым түсті.  

Енді біздің футболшы қыздарымыз алаң иелерімен кездеседі. Бұл ойын 27 қыркүйек күні Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ал 30 қыркүйекте Уэльс бойжеткендерімен додаға түседі. Қазақстан-U17 құрамасы осы екі ойында сенім үдесінен шығады деп үміттенеміз...  

Жалпы, келесі електік кезеңге әр топтан екі команда шығады. Сонымен қатар, үшінші орын алғандардың ішіндегі техникалық көрсеткіштері жоғары бір құрама Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін әрі қарай жалғастырады. Ал финалдық дода келесі жылы 9-21 мамыр аралығында Литвада өтеді.

Франция-U17 – Қазақстан-U17 – 12:0 (9:0)

Голдар: Зао, 3. Рот, 7; 18; 27; 52. Крафф, 8; 62. Бюсси, 16; 26. Дюфур, 22. Морейра, 36. Сюбьета, 73.

Франция-U17: Мари Эннебеер, Эмми Жезекель, Мева Бернар, Клара Морейра, Манон Ревелли, Сара Зао, Марго Ле Муэль (Люси Тенг, 53), Малори Крафф, Мадлен Рот (Майте Букли, 53), Жюли Дюфур, Кессья Бюсси (Хлоэ Сюбьета, 56).

Қосалқы құрам: Камиль Пинель, Селя Баркле, Аксель Тузо, Адлен Кокар, Инес Белльуму, Жюли Пьян.

Қазақстан-U17: Назым Исмаилова, Фаиза Исмаилова, Назерке Шалмұқанбетова (Жансұлу Хәмзе, 78), Меруерт Болатбек, Александра Бурова, Әсемгүл Аруова, Жансая Көпжанова, Ақнұр Құрманғазина (Эльвира Нарбек, 41), Әсел Көбесова, Бәтия Рейзел Багулли, Лейла Садықова.

Қосалқы құрам: Аружан Оразбекова, Сурая Шамсудинова, Ақниет Бекдайырова, Айдана Күзтай, Гүлмира Тәшмет, Айя Шолақова, Алина Шалмұқанбетова.

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 42 – 0
Тура соққы: 22 – 0
Қиыс кеткені: 17 – 0
Тойтарылғаны: 3 – 0
Қақпа бағанасы: 1 – 0
Бұрыштама соққылар: 6 – 0
Офсайдтар: 7 – 0
Ескерту (сары қағаз): 2 – 0
Ереже бұзу: 9 – 6

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика