Вернуться к списку статей

Әйелдер арасындағы ФИФА рейтингісінде 66-орындамыз

Футбол
1K
Әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz
ФИФА әйелдер арасындағы ұлттық құрамалар рейтингісін жаңғыртты. Қазақстан қыздары төрт саты төмен сырғып, 66-орынға орналасты.

Биыл әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы үш ойын өткізген болатын. 2019 жылғы әлем чемпионатының алғашқы електік кезеңінде футболшы аруларымыз Грузия және Эстония құрамаларын 1:0 есебімен ұтып, Латвия қыздарымен 2:2 есебімен тең түскен.

Жалпы, 23 маусымда жаңғыртылған ФИФА рейтингісінде барлығы – 185 құрама. Біздің қыз-келіншектеріміз бұл рейтингті 2003 жылы 60-орынмен бастаған. Ең жоғарғы жетістігіміз – 58-орын (2009 жыл, наурыз). Ал ең төменгі көрсеткішіміз – 78-орын (2010 жыл, тамыз).

Біз ФИФФ рейтингісіндегі үздік 10 құрама мен 2019 жылғы әлем чемпионатының екінші іріктеу сатысындағы (1-топ) Қазақстан қыздарының қарсыластарын ғана ұсынып отырмыз. Әйелдер арасындағы келесі рейтинг 1 қыркүйекте жаңартылады.

1 (2). АҚШ – 2118 ұпай,
2 (1). Германия – 2111
3 (3). Франция – 2072
4 (5). Канада – 2027
5 (4). Англия – 2024
6 (6). Жапония – 1981
7 (8). Австралия – 1976
8 (9). Бразилия – 1971
9 (6). Швеция – 1956
10 (10). КХДР – 1949…
...25 (25). Ресей – 1738
35(35). Уэльс – 1612
63 (58) Босния және Герцеговина – 136
66 (62). Қазақстан – 1362

Айтпақшы, Өзбекстанның әйелдер арасындағы құрамасы да біздің аруларымыздан жоғары тұр. Көрші елдің қыздары 1557 ұпаймен 41-орынға орналасқан. Жалпы, Азияның көптеген елдерінің құрамалары біздің қыз-келіншектерімізден жоғары орналасқан.

Алғашқы ондықтағы Жапония мен КХДР қыздарынан басқа, Қытай (14-орын), Корея (16), Таиланд (29), Вьетнам (32), Өзбекстан, Тайпэй (42), Мьянма (45), Иордания (50), Иран (55), Үндістан (60) құрамалары... қалай екені бізден жоғары тұр. 

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика