Вернуться к списку статей

Қыздарымыздың әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары

Футбол
1K
Жеребе тартылды. Фото: uefa.com
Бүгін Ньонда әйелдер арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы 1-топқа түсті. Қарсыластары – Англия, Ресей, Уэльс, Босния және Герцеговина арулары. Жалпы, 2019 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде 35 құрама жеті топқа тең бөлінді. Бүкіләлемдік біріншіліктің Еуропадағы екінші іріктеу сатысы 2017 жылғы 11 қыркүйектен 2018 жылғы 4 қыркүйекке дейін созылады.

Осы жеті топтың жеңімпазы Францияда өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей шығады. Ал екінші орын алғандардың ішіндегі техникалық көрсеткіштері үздік (жоғары) төртеуі қосымша бір жолдамаға таласады.

Жеребе тарту рәсіміне әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Айтбай Жаманетаев қатысыпты. Естеріңізге сала кетейік,  2019 жылғы әлем чемпионатының алғашқы електік додасында Қазақстан қыздары Грузияда сынға түсіп, «А» тобында бірінші орынға ие болған.


Айтбай Жамантаев. Фото: kff.kz

Жеребе қорытындысы:

1-топ: Англия, Ресей, Уэльс, Босния және Герцеговина, Қазақстан

2-топ: Швейцария, Шотландия, Польша, Беларусь, Албания

3-топ: Норвегия, Нидерланды, Ирландия, Словакия, Солтүстік Ирландия

4-топ: Швеция, Дания, Украина, Венгрия, Хорватия

5-топ: Германия, Исландия, Чехия, Словения, Фарер аралдары

6-топ: Италия, Бельгия, Румыния, Португалия, Молдова

7-топ: Испания, Австрия, Финляндия, Сербия, Израиль

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика