Вернуться к списку статей

Ресейдің футболшы қыздары хиджаб киді...

Футбол
2K
Ресей құрамасының қыздары Иранда хиджабпен ойнады. Фото: gazeta.ru
Шағын футболдан Ресей құрамасының қыздары Иранда екі жолдастық кездесу өткізіп, осы ойындарға хиджабпен ойнаған.

Шағын футболдан Ресей құрамасының қыздары Иранда екі жолдастық кездесу өткізіп, осы ойындарға хиджабпен ойнаған.

Бұл ақпаратты Ресейдің gazeta.ru интернет-басылымы таратты. Әйелдер арасындағы Ресей құрамасы Иранға барып, екі жолдастық кездесу өткізіпті. Тегеранда өткен екі ойынның біріншісі 3:3 есебімен тең аяқталып, екіншісінде ресейліктер 5:3 есебімен жеңіске жеткен.

Екі ойында да қос команданың қыздары хиджабпен ойнаған. Олар да жергілікті футболшы қыздар секілді жеңі ұзын жейде, балағы ұзын спорттық шалбар (бриджи) киіп, бастарына орамал таққан.

Мұны Ресей делегациясы «жергілікті заңға сәйкес, Иранда әйелдер спорттық дода (жарыс) кезінде де хиджаб киюлері керек. Бұл ереже шетелдік спортшы әйелдерге де қатысты» деп түсіндірген.

Аталмыш басылым «Ресей құрамасының қыздары былтыр да хиджабпен ойнаған. Ол да Иран қыздарымен өткен жолдастық кездесулер болатын» деп жазыпты.


Фото: gazeta.ru

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика