Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасы – Қазақстан чемпионы тұңғыш рет 1/8 финалына шықты!

Футбол
2K
«Верона» – «БИІК-Қазығұрт» – 1:1. Фото: veronacalciofemminile.com
«БИІК-Қазығұрт» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы қарымта матчын өткізіп, түзде Италияның «Веронасымен» тең түсті.

Қазақстан чемпионы Италияда «Веронамен» кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Бірінші таймның аяғында Гүлнара Габелия есеп ашып, біздің қыздардың мүмкіндіктері арта түсті. Себебі олар Шымкентте 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Веронаға» келесі кезеңге шығу үшін кемі үш-төрт гол соғу керек болатын. Бірақ Италия қыздары Қазақстан чемпионының қақпасына доп енгізе алмай, пұшайман болды. Қанша тырысса да, Оксана Железняк қорғаған қақпаның «құлыпын» аша алмады.

Тек екінші таймның басында пенальти ұру мүмкіндігіне ие болып, бақтары жанды. Әрі 11-метрлік айып соққысынан таразы басын теңестіріп, жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалған жоқ.

Сөйтіп, «БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне, яғни 1/8 финалына шықты. Қарсыласы 17 қазан күні белгілі болады. Жеребе Ньонда тартылады.

«Верона» – «БИІК-Қазығұрт» – 1:1

Голдар: Габелия, 40 (0:1). Габбьядини, 58-пенальтиден (1:1).

«Верона»: Тальманн, Долстра (Боаттин, 64), Карро, Ди Кришо, Галли, Джулиано, Никеле, Брейненберг (Пазини, 54), Роделла, Пьемонте (Уильямс, 54), Габбьядини.

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Мясникова, Нганди, Машкова, Кравец, Эшер, Мессомо (Бабшук, 90+2), Роузборо, Ихезуо, Адуле, Габелия.

Бас төреші: Зузана Валентова (Словакия).

Бірінші матч – 1:3.  

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 16 – 6

Тура соққы: 5 – 4

Қиыс кеткені: 9 – 2

Тойтарылғаны: 2 – 0

Қақпа бағанасы: 1 – 0

Бұрыштама соққылар: 7 – 6

Офсайдтар: 3 – 1

Ескерту (сары қағаз): 2 – 2

Ереже бұзу: 14 – 18

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика