Вернуться к списку статей

Қыздарымыз Шотландия бойжеткендерінен 0:8 есебімен ұтылды

Футбол
1K
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы екінші ойынын өткізіп, 0:8 есебімен ұтылды.

Қыздар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан U-17 құрамасының 6-топқа түскенін жазғанбыз. Бұл топтың ойындары Шотландияның Эдинбург қаласында өтіп жатыр.

Біздің бойжеткендеріміз әзірше екі ойын өткізіп, екеуінде де оңбай ұтылды. Әуелі Франция U-17 құрамасы қыздарынан 0:17 есебімен күйрей ұтылса, кеше түнде Шотландия аруларынан 0:8 есебімен ойсырай жеңілді.

Ең сорақысы, қыздарымыз бұл ойында (80 минут бойы) Шотландия U-17 құрамасының қақпасына бірде-бір соққы бағыттай алмаған! Тіпті допты ойынға бұрыштан да қоспаған...

Енді 15 қазан күні Хорватия қыздарымен кездеседі. Бұл елдің бойжеткендері де екі рет жеңілістің кермек дәмін татты. Шотландия және Франция U-17 құрамаларына 0:4 есебімен есе жіберіп алды.

Қазақстан U-17 – Шотландия U-17 – 0:8

Голдар: Каллахан, 2; 10; 16. Макэлони, 45. Сантойо-Браун, 53. Макдоналд, 62, 74. Муйр, 67.

Қазақстан U-17: Исмаилова (Алмасбай, 56), Жақсымбай, Иванюк, Флют, Құрманғазина, Волкова, Низамутдинова, Ақбаева (Күбесова, 72), Төлегенова, Багулли (Ақшалова, 56), Әділханова.

Бас төреші: Вера Оникэ (Молдова)

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 28 – 0

Тура соққы: 14 – 0

Қиыс кеткені: 10 – 0

Тойтарылғаны: 4 – 0

Қақпа бағанасы: 1 – 0

Бұрыштама соққылар: 6 – 0

Офсайдтар: 5 – 2

Ескерту (сары қағаз): 0 – 2

Ереже бұзу: 6 – 13

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика