Вернуться к списку статей

Қыздарымыз Фарер аралдарынан да ұтылып қалды

Футбол
1K
Фарер аралдары бойжеткендері Қазақстан қыздарын жеңгендеріне мәз. Фото: fsf.fo
19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде жеңілістен көз ашпай, өз тобында соңғы орынға табан тіреді.

Қазақстан U-19 құрамасының қыздары 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 6-топқа түсіп, Финляндияның Таммела қаласында додаға түскен болатын.

Әуелі Финляндия бойжеткендерінен 0:7 есебімен, одан кейін Исландия U-19 құрамасының қыздарынан 0:10 есебімен ойсырай ұтылып қалған болатын. Бұдан кейін өздері сияқты екі рет жеңіліске ұшыраған Фарер аралдары аруларымен кездесті.

Өкінішке қарай, бұл ойында да Роман Заев пен Орынбасар Дәуренбекова жаттықтыратын бұрымды футболшыларымыз жеңілістің кермек дәмін татты. Есеп – 0:2. Бұл жеңілістерінің бәрі халықаралық аренадағы тәжірибелерінің аздығынан болар...

Соңғы ойында Фарер аралдары қыздарының қақпасына 15 соққы бағыттапты. Оның бесеуі қақпаға тура бағытталған. Бұған да қуандық. Өйткені бұған дейінгі екі ойында қарсыласының қақпасына бір-ақ соққы бағыттап, шабуылға шығудің өзі мұң болған...

Қазақстан U-19 – Фарер аралдары – U-19 – 0:2

Голдар: а Лакьюни, 26. Хуммеланн, 79.
Қазақстан U-19: Елисеева, Садықова (Харевич, 90+2), Закаряева, Жәутікова (Ргаева, 69), Қабылбаева, Айтбекова, Попкова, Тұрлыбекова, Абдурахманова, Әмірбек, Аверина.

1. Финляндия – 9 ұпай

2. Исландия – 6

3. Фарер аралдары – 3

4. Қазақстан – 0.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика