Вернуться к списку статей

Бүгін бойжеткендеріміз додаға түседі

Футбол
1K
Қазақстан U-19 құрамасының қыздары. Фото: kff.kz
Бүгін еліміздің 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы құрамасы Финляндияның Таммела қаласында 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды.

Қазақстан U-19 құрамасының қыздары 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 6-топқа түскен болатын. Қарсыластары – Финляндия, Исландия және Фарер аралдары арулары.

Роман Заев пен Орынбасар Дәуренбекова жаттықтыратын бойжеткендеріміз финн жеріндегі алғашқы ойындарын алаң иелерімен өткізеді. Бұл матчта латыш төрешісі Виола Раудзина қазылық етеді. Енді, ойындар күнтізбесімен таныс болыңыздар.

19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі, 6-топ (Астана уақытымен):

15 қыркүйек, 2016 жыл

18:00. Финляндия – Қазақстан
22:00. Фарер аралдары – Исландия

17 қыркүйек, 2016 жыл
16:00. Исландия – Қазақстан
21:00. Финляндия – Фарер аралдары

20 қыркүйек, 2016 жыл
18:00. Исландия – Финляндия
18:00. Қазақстан – Фарер аралдары

Қазақстан U-19 құрамасының сапы:

қақпашылар – Айым Омарбек («Көкше»), Елизавета Цыплакова («Павлодар»), Екатерина Елисеева («Тараз»);

қорғаушылар – Әйгерім Айтбекова («БИІК-Қазығұрт»), Құндыз Қожахмет («Ақтөбе»), Айша Садықова («БИІК-Қазығұрт»), Сабина Ргаева («Шахтер»), Алевтина Закарьяева («Актобе»), Марина Харевич («Павлодар»);

жартылай қорғаушылар – Мадина Әмірбек («БИІК-Қазығұрт»), Айнұр Қабылбаева («БИІК-Қазығұрт»), Әселхан Тұрыбекова («БИІК-Қазығұрт»), Айдана Жәутікова («Ақтөбе»), Шынар Шарапиденова («Шахтер»), Шахзода Абдурахманова («БИІК-Қазығұрт»), Виктория Попкова («БИІК-Қазығұрт»);

шабуылшылар – Татьяна Аверина («БИІК-Қазығұрт»), Наталья Гисс («Шахтер»).

Бапкерлер құрамы: Роман Заев – аға жаттықтырушы, Орынбасар Дәуренбекова – аға жаттықтырушының көмекшісі, Олеся Моисеенко – қақпашылар жаттықтырушысы, Жұлдыз Қаржауева – дәрігер, Әйгерім Иманқұлова – әкімгер.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика