Биыл «БИІК-Қазығұрт» клубының жеребесі жеңіл түскендей. Плей-оффтың бірінші сатысында, яғни 1/16 финалында Италияның «Верона» клубымен кездесетін болды.
Әрине, «Верона» оңай қарсылас емес, әйтсе де былтырғы «Барселона» қыздарындай емес. Рейтингтік коэффициенті Испания қыздарына қарағанда – төмендеу. Әрі бірінші қоржындағы – ең «осал» командалардың бірі.
Енді «БИІК-Қазығұрт» арулары жанкештілік танытып, бұл мүмкіндікті бос жібермеуге тырысады деп ойлаймыз. Тәжірибелі қарсыласынан өте алмаса да, намысты қолдан бермейді деп сенеміз.
1/16 финалы (ойындар 5/6 және 12/13 қазан күндері өтеді):
"БИІК-Қазығұрт" (KAZ) – "Верона" (ITA)
"Штурм" (AUT) – "Цюрих" (SUI)
"Брейдаблик" (IRL) – "Русенгорд" (SWE)
ЛСК (NOR) – "Пари Сен-Жермен" (FRA)
"Авальдснес" (NOR) – "Лион" (FRA)
"Эскильстуна Юнайтед" (SWE) – "Глазго Сити" (SCO)
"Сараево-2000" (BIH) – "Россиянка" (RUS)
"Челси" (ENG) – "Вольфсбург" (GER)
"Твенте" (NED) – "Спарта" Прага (CZE)
"Аполлон" (CYP) – "Славия" Прага (CZE)
"Атлетик" (ESP) – "Фортуна" Йорринг (DEN)
"Минск" (BLR) – "Барселона" (ESP)
"Медик" (POL) – "Брешия" (ITA)
"Манчестер Сити" (ENG) – "Звезда-2005" (RUS)
"Хиберниан" (SCO) – "Бавария" (GER)
"Санкт-Пельтен" (AUT) – "Брондбю" (DEN)
Естеріңізе сала кетейік, «БИІК-Қазығұрт» әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының електік додасында 7-топқа түсіп, қарсыластарының бәрін ұтқан болатын. Сөйтіп, өз тобында бірінші орынға ие болып, плей-офф сатысына жолдама алған-ды.