Вернуться к списку статей

"Астана" арулары шымкенттік қыздарды оңдырмай жеңді

Футбол
1K
Астана - №7 МБЖСМОР-БИІК 8:0. Енді екінші ойынды күтеміз
12 тамыз күні «Астана» мен «№7 МБЖСМОР-БИІК» командалары «Астана-Аренада» қайта кездеседі. Матч сағат 12:00-де басталады.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан біріншілігінің 13-туры аясында елорданың «Астана-Арена» стадионында «Астана» мен Шымкенттің «№7 МБЖСМОР-БИІК» командалары кездесіп, молдовалық маман Виктор Сеник шәкірттері 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші минуттан-ақ тізгінді өз қолдарына алған астаналықтар 6-шы минутта-ақ есеп ашты. Голдың авторы – Ирина Чукисова. Араға тағы алты минут салып Юлия Николаенко Юлия Николаенко есепті еселесе, 30-шы минутта Анна Костина таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді.

Үзілістен кейін Виктор Сеник шәкірттері шымкенттіктер қақпасына тағы бес гол соқты. Ирина Чукисова покер авторы атанса, Мария Ялова мен ойынға екінші таймда қосылған Әйгерім Әлімқұлова оңтүстік командасының жағдайын мүлдем қиындатты.

12 тамыз күні «Астана» мен «№7 МБЖСМОР-БИІК» командалары «Астана-Аренада» қайта кездеседі. Матч сағат 12:00-де басталады.

«Астана» – №7 МБЖСМОР-БИІК (Шымкент) 8:0

Голдар: Ирина Чукисова, 6. Юлия Николаенко, 12. Анна Костина, 30. Ирина Чукисова, 49-пен. Мария Ялова, 59. Әйгерім Әлімқұлова, 81. Ирина Чукисова, 83. Ирина Чукисова, 86.

Ескертулер: Шахир Ходжалиева, 41. Вероника Корниенко, 61.

«Астана»: Ирина Саратовцева (Маргарита Широкова 57), Ұлпан Пазыл (Әйгерім Әлімқұлова 59), Сюзанна Корнецова, Марина Пушкарева, Виолетта Мицул (Алина Свергун 46), Анастасия Берендеева (Разина Жұмабайқызы 52), Юлия Николаенко, Ирина Чукисова, Анна Костина (Маргарита Панова 32), Аида Гайстенова (Тоғжан Бекпенбет 46), Мария Ялова.

№7 МБЖСМОР-БИІК: Алина Боброва, Тамара Спаданейко, Виктория Поркова, Мария Демидова (Әбідрахманова 24), Шахир Ходжалиева, Әсел Тұрлыбекова, Вероника Корниенко, Әйгерім Айтбекова, Евгения Ларина, Мадина Әмірбек (Татьяна Аверина 64), Зумира Әбішева.

Астана. «Астана-Арена» стадионы. 100 көрермен.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика