Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы – «Астана» мен «Спортинг» сапындағы өзгерістер

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
Еуропа лигасының 1/16-финалында «Спортингпен» кездесетін «Астана» құрамына үш футболшы қоса алады.

UEFA Еуропа лигасының бекітілген ережесі бойынша плей-офф сатысына шыққан командалар құрамдарын үш ойыншымен нығайта алады. Жаңа ойыншыларды тіркеу кезеңі 1 ақпан күні түн жарымында жабылады. Осыған байланысты 1/16-финалына шыққан командалар сапында өзгерістер аз емес.

Бірақ мұны әрбір елдің ұлттық чемпионатындағы трансферлік кезеңмен шатыстырудың қажеті жоқ. Мұның ұлттық федерациялар өздері бекітеді. Мәселен, Қазақстандағы қысқы трансфер кезеңі 11 қаңтар күні ашылған, 3 сәуірде жабылады.

Ал UEFA Еуропа лигасының қосымша үш ойыншыдан тіркеу трансфері, жағарыда жазғанымыздай, 1 ақпан күні жабылады. Әзірше, «Астана» мен «Спортинг» сапындағы өзгерістер төмендегідей:

«Спортинг» (Португалия):

Келгендер:     Рубен Рибейру («Риу Аве»), Йосип Мишич («Риека»), Вендел («Флуминенсе»)

Кетті:        Желсон Дала («Риу Аве», жалға берілді)

«Астана» (Қазақстан)

Келгендер:    Юрий Перцух («Ақжайық»), Бахтияр Зайнутдинов («Тараз»), Марко Станоевич («Шахтер» Қарағанды)

Кетті:        Асхат Тағыберген («Қайсар»)

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика