Вернуться к списку статей

Бақтияр Байсейітов – Еуропа кубогын қалай алып алғандарына қарап, отыра бермеуіміз керек

Футбол
2K
Фото: fcordabasy.kz
«Ордабасы» клубының президенті Бақтияр Байсейітов Еуропа лигасынан шеттетілген командасының жағдайы туралы өз пікірін білдіріпті.

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан футбол федерациясы, нақтырақ айтқанда, ҚФФ Сертификация комиссиясы Шымкент клубына Еуропа лигасына қатысу үшін сертификат беруден бас тартқан. Осыған орай, Бақтияр Байсейітов «Ордабасы» футбол клубының ресми сайты арқылы өз ойын жариялапты:

Қазір біздің Еуропа лигасы ойындарынсыз қалғанымызды қалайтындар бар. Өйткені біз кредиторлық қарызымызды 1-1,5 күн кешіктірдік. Біз бірден Қазақстан футбол федерациясына шағым түсірдік. Бәрі де дұрыс болады. Егер жергілікті билік бұл мәселені шешпесе, онда біз мұнымен шектелмейміз. Біз дұрысты ұйымдарға дейін жетеміз. Бізді Еуропа лигасынан айырмаулары үшін күресеміз.

«Ордабасы» UEFA-да ойнау құқығын өз күшімен жеңіп алды. Біз былтыр үшінші орынға ие болып, Павлодардың «Ертісінен» 9-10 ұпай айырмасымен озып кеттік. Біз тып-тыныш қана, қалай бізден Еуропа лигасын алып алғандарына қарап, қол қусырып отыра бермеуіміз керек. Біз мұндай жазаға тартылмауымыз керек. Біз жарты жылдап, бір жылдап ақша төлемей, қашқан жоқпыз. Төлемді небәрі бір күн кешіктірдік. Кепілдік мерзімі бойынша, 31 наурыз күні өтеуіміз керек болған. Ал бұл сенбі, демалыс күні болатын. 2 сәуірде бердік.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика