Вернуться к списку статей

«Астана» – «Спортинг» матчының билеттері 750-8000 теңге тұрады

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалында кездесетін «Астана» – «Спортинг» матчының билеттері бағасы белгілі болды.

Қазақстан чемпионы мен Португалия клубы UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалында кездеседі. Бұл ойын 15 ақпан күні сағат 22:00-де басталады. «Бұл ойынның билеттері стадион секторларына байланысты 1500 теңгеден 8000 теңгеге дейінгі аралықта болады», – деп хабарлайды елорда клубының ресми сайты.

Мектеп оқушылары мен студенттер үшін 50% шегерілім қарастырылған екен. Сонда, ең арзан билет 750 теңге тұратын болады. Ал зейнеткерлер мен соларға теңестірілген санаттағы азаматтар зейнеткерлік куәліктерін көрсетіп, бұл ойынға тегін кіре алады екен. Билеттер сатылымға қаңтар айынан бастап түсетін көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» – қазақ футболы тарихында Еурпокубоктар додасының көктемгі плей-офф сатысына шыққан бірінші клуб. Төрт дүркін чемпионымыздың арқасында Қазақстан жанкүйерлері тұңғыш рет Еуропа лигасының 1/16-финалындағы ойынын өз көздерімен тамашалай алады. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика