Вернуться к списку статей

"Астананың" потенциалды қарсыластары. "Атлетикодан" "Лейпцигке" дейін

Футбол
1K
Бүгін Астана уақытымен сағат 18:00-де Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп, «Астананың» 1/16-финалдағы қарсыласы анықталады. Қазақстан чемпионының потенциалды қарсыластарына тоқталып, әрқайсысының әлеуеттерін бағамдап көрсек.

«Астанаға» «Вильярреалдан» басқа 15 команданың кез-келгені түсуі мүмкін. Испаниялықтармен топтық кезеңде бір квартетте болғандықтан жерлестеріміз келесі кезеңде бұл командамен кездеспейді. Ал қалған қарсыластарды УЕФА рейтингіндегі орындарына байланысты жіктеп шықсақ.

«АТЛЕТИКО» (МАДРИД, ИСПАНИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 4-орын

Құрылған жылы: 1903 ж.

Бас бапкері: Диего Симеоне (Аргентина)

Стадионы: «Ванда Метрополитано» (67 703 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 3-орын (Чемпиондар лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Антуан Гризманн (2 гол)

Испания чемпионатындағы көрсеткіші: 3-орын

Испания чемпионатындағы үздік сұрмергені: Антуан Гризманн (5 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: жартылай финал (Чемпиондар лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

Испания чемпионы – 10, Испания кубогының иегері – 10, Испания суперкубогының иегері – 2, Чемпиондар лигасының финалисі – 3, Еуропа лигасының иегері – 2, УЕФА Суперкубогының иегері – 2, Құрлықаралық кубогының иегері – 1.

«АРСЕНАЛ» (ЛОНДОН, АНГЛИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 13-орын

Құрылған жылы: 1886 ж.

Бас бапкері: Арсен Венгер (Англия)

Стадионы: «Эмирейтс» (59 867 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Оливье Жиру, Тео Уолкотт (3 гол)

Англия чемпионатындағы көрсеткіші: 5-орын

Англия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Александр Ляказетт (8 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: 1/8-финал (Чемпиондар лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

Англия чемпионы – 13, Англия кубогының иегері – 13, Англия лигасының жеңімпазы – 2, Англия суперкубогының иегері – 15, Чемпиондар лигасының финалисі – 1, УЕФА кубогының финалисі – 1.

«ЗЕНИТ» (САНКТ-ПЕТЕРБОР, РЕСЕЙ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 17-орын

Құрылған жылы: 1925 ж.

Бас бапкері: Роберто Манчини (Италия)

Стадионы: «Санкт-Петербург» (56 196 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Эмилиано Ригони (6 гол)

Ресей чемпионатындағы көрсеткіші: 3-орын

Ресей чемпионатындағы үздік сұрмергені: Александр Кокорин (10 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: 1/16-финал (Еуропа лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

КСРО/Ресей чемпионы – 5, КСРО/Ресей кубогының иегері – 4, КСРО/Ресей суперкубогының иегері – 5, УЕФА кубогының иегері – 1, УЕФА Суперкубогының иегері – 1.

«ДИНАМО» (КИЕВ, УКРАИНА)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 22-орын

Құрылған жылы: 1927 ж.

Бас бапкері: Александр Хацкевич (Беларусь)

Стадионы: «Олимпийский» (70 050 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Мораес (6 гол)

Украина чемпионатындағы көрсеткіші: 2-орын

Украина чемпионатындағы үздік сұрмергені: Дьемерси Мбокани (8 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: топтық кезең (Чемпиондар лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

КСРО чемпионы – 13, КСРО кубогының иегері – 9, КСРО суперкубогының иегері – 3, Украина чемпионы – 15, Украина кубогының иегері – 11, Украина суперкубогының иегері – 6, УЕФА кубок иегерлерінің кубогы жеңімпазы – 2, УЕФА Суперкубогының иегері – 1.

«РЕД БУЛЛ» (ЗАЛЬЦБУРГ, АУСТРИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 34-орын

Құрылған жылы: 1933 ж.

Бас бапкері: Хосе Анхель Сиганда

Стадионы: «Ред Булл Арена» (31 895 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Моанес Даббур (3 гол)

Аустрия чемпионатындағы көрсеткіші: 2-орын

Аустрия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Моанес Даббур (12 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: топтық кезең (Еуропа лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

Аустрия чемпионы – 11, Испания кубогының иегері – 5, Аустрия суперкубогының иегері – 3, УЕФА кубогының финалисі – 1.

ЦСКА (МӘСКЕУ, РЕСЕЙ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 36-орын

Құрылған жылы: 1911 ж.

Бас бапкері: Виктор Гончаренко (Беларусь)

Стадионы: «ВЭБ Арена» (30 000 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 3-орын (Чемпиондар лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Витинью (2 гол)

Ресей чемпионатындағы көрсеткіші: 5-орын

Ресей чемпионатындағы үздік сұрмергені: Витинью (7 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: топтық кезең (Чемпиондар лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

КСРО/Ресей чемпионы – 13, КСРО/Ресей кубогының иегері – 12, КСРО/Ресей суперкубогының иегері – 6, УЕФА кубогының иегері – 1.

«ЛАЦИО» (РИМ, ИТАЛИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 43-орын

Құрылған жылы: 1900 ж.

Бас бапкері: Симоне Индзаги

Стадионы: «Олимп стэдиум» (70 634 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Фелипе Кайседо (3 гол)

Италия чемпионатындағы көрсеткіші: 5-орын

Италия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Чиро Иммобиле (15 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: топтық кезең (Еуропа лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

Италия чемпионы – 2, Италия кубогының иегері – 6, Италия суперкубогының иегері – 4, УЕФА кубок иегерлері кубогының жеңімпазы – 1, УЕФА кубогының финалисі – 1, УЕФА Суперкубогының иегері – 1.

«СПОРТИНГ» (ЛИССАБОН, ПОРТУГАЛИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 44-орын

Құрылған жылы: 1906 ж.

Бас бапкері: Жоржи Жезуш

Стадионы: «Жозе Алваладе» (50 049 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 3-орын (Чемпиондар лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Бруно Сезар, Бас дост (2 гол)

Португалия чемпионатындағы көрсеткіші: 2-орын

Португалия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Бас Дост (12 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: топтық кезең (Чемпиондар лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

Португалия чемпионы – 18, Порутгалия кубогының иегері – 20, Португалия Суперкубогының иегері – 8, УЕФА кубок иегерлері кубогының жеңімпазы – 1, УЕФА кубогының финалисі – 1.

«БРАГА» (ПОРТУГАЛИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 50-орын

Құрылған жылы: 1921 ж.

Бас бапкері: Абел Феррейра

Стадионы: «Брага мунисипал» (30 286 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Франсержио (4 гол)

Португалия чемпионатындағы көрсеткіші: 4-орын

Португалия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Ахмед Хасан, Данило, Паулиньо (3 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: топтық кезең (Еуропа лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

Порутгалия кубогының иегері – 2, Еуропа лигасының финалисі – 1.

«ВИКТОРИЯ» (ПЛЗЕНЬ, ЧЕХИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 51-орын

Құрылған жылы: 1911 ж.

Бас бапкері: Павел Врба

Стадионы: «Дусан Арена» (11 700 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Михал Крменчик (3 гол)

Чехия чемпионатындағы көрсеткіші: 1-орын

Чехия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Михал Крменчик (10 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: топтық кезең (Еуропа лигасы)

Ең ірі жетістіктері:

Чехия чемпионы – 4, Чехия кубогының иегері – 2, Чехия суперкубогының иегері – 2.

«МИЛАН» (ИТАЛИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 59-орын

Құрылған жылы: 1899 ж.

Бас бапкері: Дженнаро Гаттузо

Стадионы: «Сан Сиро» (80 018 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Андре Силва (6 гол)

Италия чемпионатындағы көрсеткіші: 7-орын

Италия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Сусо (5 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: қатысқан жоқ

Ең ірі жетістіктері:

Италия чемпионы – 18, Италия кубогының иегері – 5, Италия суперкубогының иегері – 7, Чемпиондар лигасының жеңімпазы – 7, УЕФА кубок иегерлері кубогының жеңімпазы – 2, УЕФА Суперкубогының иегері – 2, Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы – 2, Клубтық әлем чемпионы – 1.

«ЛОКОМОТИВ» (МӘСКЕУ, РЕСЕЙ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 75-орын

Құрылған жылы: 1922 ж.

Бас бапкері: Юрий Семин

Стадионы: «РЖД Арена» (27 320 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Джеферсон Фарфан (4 гол)

Ресей чемпионатындағы көрсеткіші: 1-орын

Ресей чемпионатындағы үздік сұрмергені: Алексей Миранчук (7 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: қатысқан жоқ

Ең ірі жетістіктері:

Ресей чемпионы – 2, КСРО/Ресей кубогының иегері – 9, Ресей суперкубогының иегері – 2.

«АТАЛАНТА» (БЕРГАМО, ИТАЛИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 92-орын

Құрылған жылы: 1907 ж.

Бас бапкері: Джан Пьеро Гасперини

Стадионы: «Атлети Адзурри д’Италия» (24 726 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 1-орын (Еуропа лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Брайан Кристанте (3 гол)

Италия чемпионатындағы көрсеткіші: 11-орын

Италия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Брайан Кристанте (5 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: қатысқан жоқ

Ең ірі жетістіктері:

Италия чемпионы – 5, Италия кубогының иегері – 1.

«ЛЕЙПЦИГ» (ЛЕЙПЦИГЕ, ГЕРМАНИЯ)


УЕФА рейтингіндегі көрсеткіші: 99-орын

Құрылған жылы: 2009 ж.

Бас бапкері: Ральф Хазенхюттль

Стадионы: «Ред Булл Арена» (44 345 көрермен)

Топтық кезеңдегі көрсеткіші: 3-орын (Чемпиондар лигасы)

Еурокубоктағы үздік сұрмергені: Тимо Вернер (3 гол)

Италия чемпионатындағы көрсеткіші: 2-орын

Италия чемпионатындағы үздік сұрмергені: Тимо Вернер (8 гол)

Еурокубоктың өткен маусымындағы көрсеткіші: қатысқан жоқ

Ең ірі жетістіктері:

Германия вице-чемпионы – 1.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика