Вернуться к списку статей

«Славия» самғады – «Астананың» үміті көмескі тартып барады

Футбол
1K
«Маккаби» (Тель-Авив) – «Славия» (Чехия) – 0:2. Фото: slavia.cz
Еуропа лигасының «А» тобында бесінші турдың ойындары аяқталды. «Славия» «Маккабиді» жеңіп, «Астананың» алдын орап кетті.

Өткен турдан кейін екінші орында тұрған «Астана» бүгін үшінші орынға түсіп қалды. Себебі, өз алаңында «Вильярреалдан» ұтылып қалды. Ал өкшесін басқан «Славия» бұл мүмкіндікті қалт жіберген жоқ. Түзде «Маккабиді» тізе бүктірді. Есеп – 2:0. Екі голды да команда капитаны соқты (төменде суретте).

Сөйтіп, бәрі өзгеріп сала берді. «Вильярреал» Еуропа лигасының 1/16-финалына бірінші орынмен, әлден шығып қойды. Екінші жолдамадан «Астана» да – үміттті. Бірақ үміт сәулесі көмескі тартып барады. Ол үшін Прагада «Славияны» жеңу керек. Тең түсуге де болмайды...    

Көңіл күпті болса да, үмітімізді үзбейміз. Кім біледі, бәлкім, жеңіп те кетер. Доп домалақ, қалай қарай домаларын тек 8 желтоқсан күнгі ойында көретін боламыз. «Астана» футболшылары намысты қолдан бермей, табан тіресе додаға түседі деп сенеміз...


«Маккаби» (Тель-Авив) – «Славия» (Чехия) – 0:2 (0:1)

Голдар: Гушбауэр, 45+1. Гушбауэр, 54.

«Астана» – «Вильярреал» – 2:3 (1:1)

Голдар: Кабананга, 22 (1:0). Раба, 40 (1:1). Бакамбу, 65 (1:2). Бакамбу, 83 (1:3). Твумаси, 88 (2:3).

«А» тобы. V турдан кейінгі жағдай


Қалған ойындар:

8 желтоқсан

«Славия» – «Астана»
«Вильярреал» – «Маккаби» (Тель-Авив)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика