Вернуться к списку статей

"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңінен қайтсе шығады?

Футбол
1K
Үш ойыннан кейін төрт ұпай еншілеп, турнир кестесінде 3-ші орынға орныққан ел чемпионының Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдаманы жеңіп алуға шамасы жете ме? Тель-Авивтегі «Маккаби» – «Астана» текетіресінің қарсаңында жерлестеріміздің мүмкіндігін саралап көрсек.

Алда әлі үш ойын бар. Оның екеуін Станимир Стойлов шәкірттері түзде өткізеді. Әзірге 4 ұпаймен «А» тобында 3-ші орындамыз. Алдымызда 5 ұпаймен «Вильярреал» және «Славия» командалары. Ендеше, қандай жағдайда елордалықтар Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыға алады?

1-ші нұсқа

Бүгін Тель-Авивте «Маккабимен» ойнаймыз. 23 қарашада Астанада испаниялықтарды қабылдаймыз. Ал 7 желтоқсанда жерлестеріміз «Славиямен» ойнау үшін Чехия астанасына сапар шегеді. Үш ойынды да жеңетін болсақ, топтық кезеңді 13 ұпаймен аяқтап, өз тобымызда бірінші орынды иеленеміз.

2-ші нұсқа

11 ұпай да топтан шығуға 100 пайыздық кепіл береді. Мысалға, «Маккаби» мен «Вильярреалды» жеңіп, соңғы турда Прагада «Славиямен» тең түсер болсақ, еншімізге барлығы 11 ұпай жазып, топтан 1-ші немесе 2-ші орынмен шығуға мүмкіндік аламыз. Сол секілді, «Маккаби» мен «Славияны» ұтып, «Вильярреалмен» тең түссек те, 11 ұпаймен 1-ші немесе 2-ші орынмен Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығамыз. Сондай-ақ, бүгін «Маккабимен» тең түсіп, одан кейін «Вильярреал» мен «Славияны» жеңіп жатсақ та, 11 ұпай бізге топтан шығуға жеткілікті болады.

 

3-ші нұсқа

Бірден айта кетейік, 10 ұпайдың өзі топтан шығуға кепіл бола алмайды. Мәселен, «Маккаби» мен «Вильярреалды» жеңіп, «Славиядан» жеңіліп қалсақ, онда біз прагалықтардың тілеуін тілейміз немесе испаниялықтар мен чехтардың неғұрлым аз ұпай алуын қалаймыз. Егер бәрі сәтімен түсіп жатса, 10 ұпай бізді бірінші орынға да шығара алады.

4-ші нұсқа

Алдағы үш ойыннан бес ұпай еншіледік дейік. Яғни, біреуінде ұтып, екеуінде тең түстік. Қоржында барлығы 9 ұпай.

Мұндай жағдайда барлығы кімді ұтып, кімдермен тең түскенімізге және бәсекелестеріміздің өзара ойындарына байланысты болмақ. Егер бәрі сәтімен түссе, онда 9 ұпаймен де топта бірінші орынды еншілеуге болады. Мәселен, бүгін «Маккабиді» жеңіп, қалған екеуімен тең түссек, онда израильдіктерді «нокаутқа» жібереміз. Дегенмен, «Вильярреал» мен «Славияның» мейлінше ұпай жоғалтуларын да тілеуіміз керек. Басқаша жағдайда бұл екеуі 10 ұпайдан алып, бізді шет қалдырып кетулері де мүмкін.

5-ші нұсқа

Алдағы үш кездесудің біреуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең түсіп, біреуінде ұтылып қалар болсақ, топты 8 ұпаймен тәмамдаймыз.

8 ұпаймен де топты бірінші орынмен қорытындылауға болады. Ол үшін «Маккабиден» ұтылып қалсақ та, «Славия» мен «Вильярреалдың» бірімен тең түсіп, біреуін ұтуымыз қажет. Ал чехтар мен испаниялықтар неғұрлым аз ұпай алулары тиіс. Басқаша жағдайда плей-оффтан тыс қалуымыз да ғажап емес.


6-шы нұсқа

Құй сен, құй сенбе "Астанаға" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өту үшін 7 ұпай да жеткілікті. Яғни, алдағы үш ойынның екеуінде жеңіліп қалғанымызбен испаниялықтар мен чехтардың бірін қалайда ұтуға тиіспіз немесе үш кездесуде де ұтылмай, тең түсуіміз керек. Сонда біз испаниялықтар мен чехтардың бірі сәтсіз ойнаған жағдайда не «Вильярреал», не «Славияның» бірін алға жіберіп, топты екінші орынмен аяқтаймыз.

Қалай десек те, биыл «Астанада» Еуропа лигасының топтық кезеңінен шығуына тамаша мүмкіндік бар. Станимир Стойлов шәкірттері бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, жанкүйерлерді кезекті жетістіктерімен қуантулары тиіс.

Еуропа лигасының «А» тобындағы қалған ойындары:

3-тур (2 қараша)

«Маккаби Т-А» – «Астана»

«Славия» – «Вильярреал»

4-тур (23 қараша)

«Астана» – «Вильярреал»

«Маккаби» – «Славия»

5-тур (7 қараша)

«Славия» – «Астана»

«Вильярреал» – «Маккаби»

Орын

Команда

Ойын

Жеңіс

Тең ойын

Ұтылыс

Голдар

Ұпай

1

Вильярреал

3

1

2

0

5-3

5

2

Славия

3

1

2

0

4-3

5

3

Астана

3

1

1

1

6-4

4

4

Маккаби Т-А

3

0

1

2

0-5

1

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика