Вернуться к списку статей

«Астана» Израильге негізгі құрамын әкетті

Футбол
1K
Қазақстан чемпионы бүгін таңертең Израильге аттанды. Фото: fca.kz
Еуропа лигасының «А» тобында бақ сынайтын Қазақстан чемпионы бүгін таңертең Израильге аттанып кетті.

Тель-Авивтегі «Блюмфильд» стадионы қайта құрылымдау жұмыстарын өткізу үшін уақытша жабылған. Сондықтан «Маккаби» үйдегі ойындарын іргедегі (30 шақырым жердегі) Нетания қаласының өзі аттас стадионында өткізіп жүр. Израиль клубы мен біздің «Астана» арасындағы матч қарашаның 2-сінен 3-іне ауған түні, Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

«Астана» бүгін Нетанияға мына құраммен аттанып кетті:

қақпашылар Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин;

қорғаушыларАбзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Игорь Шитов, Евгений Постников, Сергей Малый, Берік Шайыхов;

жартылай қорғаушылар Серікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген, Иван Маевский, Срджан Граховац, Марин Томасов;

шабуылшылар Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Джордже Деспотович, Роман Муртазаев, Владислав Прокопенко.

Өздеріңіз байқап отырғандай, команда сапында орталық қорғаушы Юрий Логвиненко жоқ. Ол сенбі күні «Қайратпен» өткен ойында жарақат алып қалған болатын.

«Астана» бүгін Нетанияда алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізеді. Ертең матч қарсаңындағы жаттығу жұмысы мен баспасөз жиыны өтуі керек. Бұл ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика