Вернуться к списку статей

Еурокубоктар рейтингісінде ұпайымыз көп емес

Футбол
1K
Қазақстан клубтары үшін Еурокубок додаларының іріктеу кезеңі аяқталды. «Астана» клубынан басқа командаларымыз алғашқы електерден аса алмады.

Биыл «Астана» Чемпиондар лигасында, ал «Қайрат», «Ертіс» және «Ордабасы» клубтары Еуропа лигасында бақ сынаған болатын. Еурокубок додаларының іріктеу сатыларында Қазақстан командалары 16 ойын өткізіп, жеті ойында жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түсіп, бес матчта жеңілістің кермек дәмін татты (+7=4–5). Доп айырмасы – 22:20.


Сонда барлығы – 9 ұпай. Негізі, 18 ұпай ғой (жеңіске – 2, тең ойынға – 1 ұпай). Бірақ іріктеу сатыларында ол екіге бөлінеді. Енді осы тоғыз ұпайдың өзі төртке бөлінеді. Себебі, бізден Еурокубок додаларына төрт команда қатысып отыр. Яғни, біздің қазіргі коэффициентіміз – 2,250.

Бұл көп емес, әрине. Енді «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңінде қоржынымызды толықтыра түседі деп үміттенеміз. Себебі, топтық кезеңде еншілеген ұпайлары екіге бөлінбейді (жеңіске жетсе екі, ал тең түссе бір ұпай беріледі). Бірақ төртке бөлініп отырады.

 «Астана»:

«Спартак» (Юрмала) – 0:1 және 1:1 (1,5 ұпай)
«Легия» (Польша) – 3:1 және 0:1 (1 ұпай)
«Селтик» (Шотландия) – 0:5 және 4:3 (1 ұпай)

«Қайрат»:

«Атлантас» (Литва) – 6:0 және 2:1 (2 ұпай)
«Скендербеу» (Албания) – 1:1 және 0:2 (0,5 ұпай)

«Ертіс»:

«Дунав» (Болгария) – 1:0 және 2:0 (2 ұпай)
«Црвена Звезда» (Сербия) – 1:1 және 0:2 (0,5 ұпай)

«Ордабасы»:

«Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) – 0:2 және 0:0 (0,5 ұпай)


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика