Кеше түнде қарымта ойында Варшадаван «Легиядан» жеңілгенімен, қос матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алды.
Матчтан кейін баспасөз мәжілісін өткізген «Легия» бапкері Яцек Магера келесі кезеңге шыға алмағанына ашулы екенін, әсіресе, Кабананганы ұстай алмағандарына өкінішін білдірді.
– Бірінші матчпен салыстырғанда бүгін әлдеқайда жақсы ойнадық деп ойлаймын. Жігіттер соңына дейін тырысып бақты. Жеңіске деген құлшынысымыз да жоғары болды. Өкінішке қарай, жеңіске жетуімізге аздаған сәттіліктер жетіспеді. Жалпы, ойынға көңілім толғанымен, келесі кезеңге өте алмағанымызға іштей қынжылып отырмын. Жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Олар бізді соңғы секундтарға дейін қолдады, деп бастады әңгімесін Яцек Магера.
– Келесі кезеңге өтуге не кедергі болды?
– Біріншіден, тәртіп яғни дисциплина. Екіншіден, қарсыластың шабуылшысы Жуниор Кабанангаға қарсы тұрар адам жетіспеді. Енді «Легияны» Еуропа лигасына түсу үшін үлкен сынақ күтіп тұр. Біз міндетті түрде топтық кезеңге жолдама алуымыз керек. Осыған қатты мән беретін боламыз. Әрине, оған дейін Польша чемпионатында өткізетін екі ойынымыз бар.
– «Легия» бүгін үш мәрте ғана дәл соққы жасай алды...
– Иә, сәттілік жетіспеді. Қақпаны дәл көздегенмен, ойға алған жоспар орындалмады. «Астана» тоғыз ойыншысымен қорғаныста ойнаған сәттер де болды.
– Мұндай маңызды ойында алаңға тәжірибесі аз, жас Себастиан Шиманьскийді не үшін шығардыңыз?
– Ұжымда қанша ойыншымыз болса, бәрінің өнерін ортаға салуға тырысамын. Шиманьский жас болғанмен, талантты ойыншы. Жаттығуларда аянып қалмай, барын салып дайындалып жүреді. Бүгінгі ойынға шығуға лайықты екеніне көз жеткізген болатынмын. Осы қалпында жалғастырар болса, биік белестерді бағындыратын болады. Оның жеңіске деген құлшынысы жалын атқан көздерін анық байқалып тұрады.
– Бұл кезеңде негізгі жеңімпаз алғашқы ойында-ақ анықталып қойған деп айтуға бола ма?
- Олай айтпас едім. Жеңуімізге болатын еді. Бірақ сәттілік біздің жақта болмады. Осыған қынжылып отырмын.