Вернуться к списку статей

Еуропа кубоктары – “Мал жайғап” болған соң футбол көруге отырамыз

Футбол
2K
Еуропа лигасының бірінші кезеңіндегі қарымта матчтардың басталатын уақыттары бекітілді.

Еуропа лигасының бірінші сатысындағы қарымта матчтар бейсенбі күні, яғни 6 шілдеде өтеді. Жасыл алаңға ең бірінші «Ордабасы» клубы шығады. Себебі оңтүстікқазақстандықтар Боснияның «Широки Бриег» клубымен өз жерімізде ойнайды.

Бірақ «Ордабасы» қонақтарын өз алаңында емес, Алматыдағы «Орталық» стадионда қабылдайды. Себебі Шымкенттегі стадион УЕФА талаптарына сай емес, “жарықтандыру жырының” әлі бітетін түрі жоқ (Бірінші ойын – 0:2).

Біздің уақытпен 22:00-де Литваның Клайпеда қаласында «Атлантас» пен «Қайрат» арасындағы қарымта матч басталады. Бұл ойында алаң иелерінің Алматы клубының қақпасына жеті гол соға алмасы анық (Бірінші ойын – 6:0).

Ал 23:00-де Павлодардың «Ертісі» Болгарияның Русе қаласында жергілікті «Дунав» клубымен кездеседі. Өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жеткен Димитар Димитровтың шәкірттеріне түзде қалай да гол соғудың маңызы зор.

Осы ретте айта кетейік, «Ордабасы» – «Широки Бриег» матчына Армения, «Атлантас» – «Қайрат» кездесуіне Белгия, ал «Дунав» – «Ертіс» арасындағы ойынға Црна Гора төрешілері қазылық етеді.

Ал «Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын келесі аптада өткізеді. Нақтырақ айтқанда, 12 шілде күні Юрмалада жергілікті «Спартакпен» кездеседі. Бұл ойын біздің уақытпен 22:00-де басталады.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика