Вернуться к списку статей

Еурокубоктар рейтингісінде – 29-орындамыз

Футбол
1K
Екі айдан кейін Қазақстан клубтары үшін Еурокубок додасы басталады. Әуелі Еуропа лигасында бақ сынайтын командаларымыз алғашқы ойындарын өткізеді.

19 маусым күні Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бірінші және екінші електік сатысындағы ойындары жеребесі тартылады. «Астана», «Қайрат», «Ертіс» және «Ордабасы» төртеуі алғашқы қарсыластарын білетін болады.

«Астана» Чемпиондар лигасын екінші електік сатыдан бастайды. Бұл кезеңнің ойындары 11/12 және 18/19 шілде күндері өтеді. Бұл лиганың бірінші іріктеу кезеңінде 10 команда ғана ойнайды.

«Қайрат», «Ертіс» және «Ордабасы» үшеуі Еуропа лигасын бірінші електік сатыдан бастайды. Бұл кезеңдегі ойындарын 29 маусымда және 6 шілдеде өткізеді. Ал екінші іріктеу сатысының ойындары 13 және 20 шілдеге белгіленген.

Осы екі матчтың арасында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үшінші електік сатысындағы ойындардың жеребесі тартылады. Қазір Қазақстан УЕФА-ның клубтық коэффициентер кестесінде – 29-шы орында.

Жалғыз «Астана» емес, басқа клубтарымыз да алғашқы електерден өтетін болса, ұпай қорымыз молайып, төмендегі кестеде жоғарылай беретін боламыз.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика