Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасының жеребесі – Ығай мен сығайлар сегіз жұпқа жіктелді

Футбол
1K
Фото: uefa.com/
Бүгін Ньонда Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындарының да жеребесі тартылып, ығай мен сығайлар арасындағы сегіз жұп түзілді.

Біз Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездесетін командалар жұбын оқырмандарымызға көлденең тартып отырмыз. Себебі, біздің «Болжамшылар бәйгесінің» үздіктері осы матчтарға болжам жасайтын болады.

Әрі Чемпиондар лигасының биылғы 1/8 финалы қызықты болатын секілді. Мәселен, «Бавария» мен «Арсеналдың» жолдары тағы да плей-оффтың алғашқы сатысында түйісіп отыр. Бір қызығы, 2000/2001 жылдар маусымынан бері екі клуб 10 рет кездесіпті. Әзірше, мюнхендіктердің мерейі үстем (+5, =2, –3).

«Барселона» ПСЖ командасымен кездесетін болса, «Реал» «Наполиден» емтихан қабылдайды. «Севилья» мен «Лестер» арасындағы кездесулер де тартысты өтуі керек. Басқа жұптар арасындағы матчтардың да ешкімді бейтарап қалдырмасы анық...

Сонымен, 1/16 финалында кездесетін командалар жұбы (екі матчтық кездесулер: 14/15 және 21/22 ақпан –бірінші ойындар: 7/8 және 14/15 наурыз – қарымта матчтар):

"Манчестер Сити" (ENG) – "Монако" (FRA)
"Реал" (ESP) – "Наполи" (ITA)
"Бенфика" (POR) – "Боруссия" Дортмунд (GER)
"Бавария" (GER) – "Арсенал" (ENG)
"Порту" (POR) – "Ювентус" (ITA)
"Байер" (GER) – "Атлетико" (ESP)
"ПСЖ" (FRA) – "Барселона" (ESP)
"Севилья" (ESP) – "Лестер" (ENG)



Финалға дейінгі жол:

Ширек финал жеребесі: 17 наурыз, Ньон

Ширек финалдық ойындар: 11/12 және 18/19 сәуір

Жартылай финал жеребесі: 21 сәуір, Ньон

Жартылай финалдық ойындар: 2/3 және 9/10 мамыр

Финал: 3 маусым, Кардифф, «Ұлттық» стадион

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика