Вернуться к списку статей

“Астананың” Еуропа лигасындағы қарсыластары плей-оффта қай клубтарға тап болды?

Футбол
1K
Бүгін Ньонда Еуропа лигасының 1/16 финалындағы жеребесі тартылып, плей-оффтың алғашқы сатысында кездесетін командалар жұбы анықталды.

Еуропа лигасының топтық кезеңінде Қазақстан чемпионымен, яғни «Астанамен» «В» тобында додаға түскен Кипр және Грекия клубтары өздерінің бас әріптері “аттас” командаларға тап болды.

Нақтырақ айтқанда, АПОЭЛ Испанияның «Атлетик» клубымен, ал «Олимпиакос» Түркияның «Османлыспор» командасымен кездесетін болды. Жалпы, 16 жұп ішінде «Вильяреал» мен «Рома», «Сельта» мен «Шахтер» секілді бір-біріне бергісіз ұжымдар да бар.

Айтпақшы, ағайынды Поль және Флорентен Погбалар бір-біріне қарсы ойнайтын болды. Нақтырақ айтқанда, «Манчестер Юнайтед» пен «Сент-Этьен» кездесетін болды.

Сонымен, 1/16 финалында кездесетін командалар жұбы (екі матчтық кездесулер 16 және 22/23 ақпан күндері өтеді):  

"Атлетик" (ESP) – АПОЭЛ (CYP)
"Олимпиакос" (GRE) – "Османлыспор" (TUR)
"Сельта" (ESP) – "Шахтер" Донецк (UKR)
"Манчестер Юнайтед" (ENG) – "Сент-Этьен" (FRA)
"Вильяреал" (ESP) – "Рома" (ITA)
"Боруссия" Менхенгладбах (GER) – "Фиорентина" (ITA)
"Алкмаар" (NED) – "Лион" (FRA)
"Легия" (POL) – "Аякс" (NED)
"Гент" (BEL) – "Тоттенхэм" (ENG)
"Ростов" (RUS) – "Спарта" Прага (CZE)
"Краснодар" (RUS) – "Фенербахче" (TUR)
"Андерлехт" (BEL) – "Зенит" (RUS)
"Хапоэль" Беэр-Шева (ISR) – "Бешикташ" (TUR)
ПАОК (GRE) – "Шальке-04" (GER)
"Астра" (ROU) – "Генк" (BEL)
"Лудогорец" (BUL) – "Копенгаген" (DEN)



Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика