«Астана» клубының Еуропа лигасының 1/16 финалына шыға алмайтыны бесінші турдан кейін белгілі болған. Әйтсе де, соңғы турда Станимир Стойловтың шәкірттері тым болмаса тең түсіп, Еурокубоктар рейтингісіндегі қоржынына ұпай салуды көксеген.
Өкінішке қарай, Қазақстан чемпионы Бернде «Янг Бойз» клубынан ойсырай ұтылып қалды (0:3). Бір сағат бойы алаң иелеріне дес бермей тайталасқандарымен, 63-71 минуттар аралығында қорғанысы сыр беріп, жеңіліске ұшырады.
Ал «В» тобындағы екінші ойында АПОЭЛ өз алаңында «Олимпиакос» клубын қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті. Әрі осы төрттікте бірінші орынға ие болды. Мұның маңызы зор, енді 1/16 финалының жеребесі тартылғанда, Кипр клубы бірінші қоржында болады.
Еуропа лигасы. “B” тобы
АПОЭЛ – "Астана" – 2:1
"Янг Бойз" – "Олимпиакос" – 0:1
2-тур. 29 қыркүйек, бейсенбі:
"Астана" – "Янг Бойз" – 0:0
"Олимпиакос" – АПОЭЛ – 0:1
3-тур. 20 қазан, бейсенбі:
"Олимпиакос" – "Астана" – 4:1
"Янг Бойз" – АПОЭЛ – 3:1
4-тур. 3 қараша, бейсенбі:
"Астана" – "Олимпиакос" – 1:1
АПОЭЛ – "Янг Бойз" – 1:0
5-тур. 24 қараша, бейсенбі:
"Астана" – АПОЭЛ – 2:1
"Олимпиакос" – "Янг Бойз" – 1:1
6-тур. 8 желтоқсан, бейсенбі:
"Янг Бойз" – "Астана" – 3:0
АПОЭЛ – "Олимпиакос" – 2:0