Вернуться к списку статей

“Ордабасы” Еуропа лигасында ойнайтын болды

Футбол
2K
Бүгін «Атырау» футбол клубы Қазақстан кубогы додасынан шығып қалып, келесі жылы Еуропа лигасында «Ордабасы» командасы ойнайтын болды.

Келесі жылы да Еуропа кубоктарында біздің елдің төрт командасы бақ сынайды. Ел чемпионы, яғни «Астана» Чемпиондар лигасында үшінші жыл қатарынан додаға түсетін болады.

Ал Еуропа лигасына еліміздің күміс және қола жүлдегерлері, яғни «Қайрат» пен «Ертіс» қатысады. Үшінші команда Қазақстан кубогын жеңіп алған клуб болуы керек болатын.

Бірақ ел кубогын да дәл осы маусымда чемпион болған команда жеңіп алса, онда Еуропа лигасында бақ сынау құқығына финалға шыққан команда ие болатын еді. УЕФА талабы (ережесі) солай.

Биылғы Қазақстан кубогының додасына шыққан төрт команданың біреуі «Атырау болатын. Қалған үшеуі – ел чемпонатының жүлдегерлері, Еурокубок додасында бақ сынау құқығына ие болып алғандар.

Алайда «Атырау» бүгін финалға шыға алмады. Енді ел кубогын алғашқы үштіктегі командалар сарапқа салады. Бәрі де – келесі жылы Еурокубок додаларына қатысатындар.

Сондықтан Еуропа лигасының соңғы жолдамасы ел чемпионатында төртінші орынға ие болған «Ордабасы» клубына бұйырды. Келесі жылы да Оңтүстік Қазақстан облысы жанкүйерлері Еурокубок додасына куә болады. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика