УЕФА сайты жариялаған кестеде «Астана» клубына 17 292 000 еуро тиеслі екен. Бұл – Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы плей-офф сатысы мен топтық кезеңіндегі қаржы. Енді осыны жіктеп шығайық:
ЧЛ плей-офф сатысында ойнағаны үшін – 2 000 000 еуро
ЧЛ топтық кезеңіне шыққаны үшін – 12 000 000 еуро
ЧЛ топтық кезеңінде ойындары үшін (төрт рет тең түсті) – 2 000 000 еуро
Маркетингтік пул (ортақтастық) – 1 292 000 еуро
Барлығы – 17 292 000 еуро
Бірақ мұнда Чемпиондар лигасының алғашқы електік сатыларынан өткені үшін берілетін ынтымақтастық төлемдер қосылмаған. Былтыр іріктеу сатысындағы ойындар кезінде «Астанаға» “алғашқы екі електік сыннан өткені үшін 700 мың еуро аударылады” делінген болатын.
Егер осы қаржыны қоссақ, «Астана» клубына Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы нәтижелі өнері үшін 18 миллион еуроға жуық қаржы бөлінуі керек. Бірақ УЕФА-ның «Fair Play» қаржы шарттары бойынша бұл қаражаттың аздаған бөлігін (кем дегенде 500 мың еуроны) ұстап қалулары керек болатын...