Вернуться к списку статей

Сенген “Селтигім” сен болсаң...

Футбол
2K
Бүгін түнде Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші турдың жеті ойыны өтті. Яғни төрт топтағы алғашқы ойындар аяқталды.

Чемпиондар лигасының үшінші електі сатысында Қазақстан чемпионын, яғни «Астана» футбол клубын төреші мен екі пенальтидің арқасында жолынан тайдырған Шотландияның «Селтигі» бірінші турда-ақ тас-талқан болып ұтылды.

Әйгілі «Камп Ноу» стадионында «Барселона» Шотоандия чемпионын 7:0 есебімен күйрете жеңді. Үш голды Месси, екеуін Суарес соқса, қалған екеуі Неймар мен Иньестаның – еншісінде. Солай, «Селтик»! Қияпаттық алдыңнан шығады...

Осы ретте айта кетейік, осы «C» тобындағы екінші ойын кеше түнде өткен жоқ. Жаңбыр құйып, «Манчестер Сити» мен «Боруссия» (Мёнхенгладбах) арасындағы матч сәрсенбіге шегерілді.  

Айтпақшы, жақында ғана Астанада болып, Қазақстан ұлттық құрамасының қақпасына гол соға алмай, бірнеше тамаша мүмкіндіктерді мүлт жіберген Польша шабуылшысы Аркадиуш Милик Киевте екі гол соқты.

«Динамо» (Киев) – «Наполи» арасындағы ойында Италия клубы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екі голды да дәл осы Милик соғыпты. Сірә, отандастарының «гол соғуға деген “белсіздігі” (импотенциясы)» деген ащы әжуалары шамбайына тисе керек.     

Құрбан Бердыевтың «Ростовы» Мюнхенде «Бавариядан» 0:5 есебімен оңбай ұтылды. Бұл ойында бірінші голды Роберт Левандовски соқты. Польша құрамасының капитаны Астанадағыдай бұл допты тағы да пенальтиден енгізді.

Былтыр Сарыарқа төсінде «Астананы» жеңе алмаған «Атлетико» Эйндховенде ПСВ клубынан 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз голды Сауль Ньигес соққан.

Енді Чемпиондар лигасының түнде аяқталған жеті ойынының нәтижелеріне назар аударыңыздар:

«A» тобы

ПСЖ – «Арсенал» – 1:1

«Базель» – «Лудогорец» – 1:1  

«B» тобы

«Динамо» (Киев) – «Наполи» – 1:2

«Бенфика» – «Бешикташ» – 1:1

«C» тобы

«Барселона» – «Селтик» – 7:0

«Манчестер Сити» – «Боруссия» (Мёнхенгладбах) – сәрсенбіге шегерілді

«D» тобы

«Бавария» – «Ростов» – 5:0

ПСВ – «Атлетико» – 0:1

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика