Вернуться к списку статей

Еуропа лигасы: Қарсыластарымыз – "Олимпиакос", "Апоэл" және "Янг Бойз"

Футбол
2K
Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтіп, «Астананың» қарсыластары анықталды.

Екінші жыл қатарынан еурокубоктық додада бақ сынайтын Қазақстан чемпионы биыл Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Олимпиакос" (Грекия), "Апоэл" (Кипр) және "Янг Бойз" (Швейцария) командалармен В тобын құрайтын болады.

Жалпы, Еуропа лигасында 48 команда. Олар алдымен дәрежелері мен коэффициенттеріне байланысты 4 себетке орналасып, жеребе қорытындысынан кейін 12 топқа бөлінді. Бастапқы кезде "Астана" төртінші себетте болатын.

Еуропа лигасының топтық кезеңі желтоқсан айына дейін жалғасады. Ал финал 2017 жылдың 24 мамырында Швецияның Сольна қаласындағы 50 мың көрермен сиятын Френдс" (Достар) аренасында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Мадридтің «Атлетикосына», Португалияның «Бенфикасына» және Түркияның «Галатасарайына» қарсы ойнап, өз тобында 4 ұпай жинаған болатын.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика