Вернуться к списку статей

"Астана" еуромаусымнан 3,35 миллион евро пайда көрді

Футбол
1K
«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өткені үшін 2,4 миллион евро алады. Сондай-ақ, еурокубоктың іріктеу кезеңіндегі ойындары үшін және Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өте алмаған чемпион ретінде қосымша 950 мың евро сыйақы иеленеді. Бірақ, бұл әлі басы ғана.

Еуропа лигасына шыққаны үшін «Астана» футбол клубына УЕФА 2,4 миллион евро бөледі. Одан бөлек, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өткені үшін 320 мың, үшінші іріктеу кезеңіне дейін жеткені үшін 420 мың евросы тағы дайын тұр. Ал Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмай қалған чемпион ретінде «Астанаға» тағы 250 мың евро қарастырылған. Сонда қазірдің өзінде елордалық команданың бюджеті 3 350 000 евромен қомпаяды деген сөз.

Кеше Беларусьтің БАТЭ-сін айналып өткен «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында сағат 17:00-де басталатын жеребе тарту рәсімінде елордалықтардың топтық кезеңдегі қарсыластары анықталады.

Еуропа лигасының топтық кезеңінде әр жеңіс үшін командаларға 360 мың евро қарастырылған. Тең ойынға 120 000. Плей-офф сатысына шыққан командалар 500 000 евро, өз тобының жеңімпаздары тағы 500 мың, ал екінші орын алған командалар 250 мың евро алады.

Дегенмен, УЕФА клубтарға бонустық қаржыларын келесі жылдың маусым айында, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы толық аяқталған соң төлейді.   

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика