Вернуться к списку статей

Астанаға кім келеді – Моуринью, Спаллетти, Адвокат...?

Футбол
1K
Бүгін Еуропа лигасының жеребесі тартылып, 48 команда 12 топқа жіктеледі. «Астана» Еурокубоктардағы рейтінгтік көрсеткішіне байланысты төртінші қоржынға түсті.

Жеребе тарту рәсімі алдында 48 команда Еурокубоктардағы рейтінгтік көрсеткіштеріне байланысты төрт қоржынға (себетке) бөлінді. «Астана» – төртінші қоржында. Яғни ел чемпионының қарсыластары бірінші, екінші және үшінші қоржындардағы командалар болады.

Осы ретте айта кетейік, бір топта әр елдің командалары болады. Яғни бір мемлекеттің командалары бірге түспейді. Тағы бір ескерте кетерлігі, УЕФА шешімімен Украина және Ресей клубтарын да бір топқа түсірмей, жіктеп отырады.

Ойындар күнтізбесі жеребе тартылғаннан кейін, кешке қарай жарияланады. Әйтсе де, әр турдың қай күндері өтетіндігі белгілі – 15 қыркүйек, 29 қыркүйек, 20 қазан, 3 қараша, 24 қараша және 8 желтоқсан.

Енді төрт қоржынға көз жүгіртіп шығуларыңызға болады:

1-қоржын

"Шальке" (GER)
"Зенит" (RUS)
"Манчестер Юнайтед" (ENG)
"Шахтер" Донецк (UKR)
"Атлетик" (ESP)
"Олимпиакос" (GRE)
"Вильяреал" (ESP)
"Аякс" (NED)
"Интернационале" (ITA)
"Фиорентина" (ITA)
"Андерлехт" (BEL)
"Виктория" (CZE)

2-қоржын

"Алкмаар" (NED)
"Брага" (POR)
"Зальцбург" (AUT)
"Рома" (ITA)
"Фенербахче" (TUR)
"Спарта" Прага (CZE)
ПАОК (GRE)
"Стяуа" (ROU)
"Генк" (BEL)
АПОЕЛ (CYP)
"Стандард" (BEL)
"Сент-Этьен" (FRA)

3-қоржын

"Гент" (BEL)
"Янг Бойз" (SUI)
"Краснодар" (RUS)
"Рапид" (AUT)
"Слован" (CZE)
"Сельта" (ESP)
"Маккаби" Тель-Авив (ISR)
"Фейеноорд" (NED)
"Аустрия" (AUT)
"Майнц" (GER)
"Цюрих" (SUI)
"Саутгемптон" (ENG)

4-қоржын

"Панатинаикос" (GRE)
"Сассуоло" (ITA)
"Карабах" (AZE)
"Астана" (KAZ)
"Ницца" (FRA)
"Заря" (UKR)
"Астра" (ROU)
"Коньяспор" (TUR)
"Османлыспор" (TUR)
"Габала" (AZE)
"Хапоэль" Беэр-Шева (ISR)
"Дандолк" (IRL)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика