Үш сағаттық уақыт айырмашылығына байланысты борисовтіктер бүгін тым ерте оянуға мәжбүр болған. Жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 6:00-де «Минск» халықаралық әуежайында болған футболшылар сағат 7:00-де ұшып кетіпті.
Бас бапкер Александр Ермакович Астанаға 20 футболшы алып келген. Оның екеуі қақпашы, алтауы қорғаушы, тоғызы жартылай қорғаушы және төртеуі шабуылшылар. Ал жарақаттарына байланысты Неманья Милунович, Дмитрий Антилевский, Денис Щербицкий елде қалып қойды. Сондай-ақ, тамақ аурынан кейін әлі бабына келіп үлгермеген Максим Володько да Қазақстанға келген жоқ.
Бас бапкері Александр Ермаковичтің Астанаға әкеле жатқан құрамы мынадай:
Қақпашылар: Сергей Веремко, Артем Сороко;
Қорғаушылар: Виталий Гайдучик, Каспар Дубра (Латвия), Максим Жавнерчик, Денис Поляков, Артур Пикк (Эстония);
Жартылай қорғаушылар: Александр Володько, Валериане Гвилия (Украина), Александр Глеб, Мирко Иванич (Сербия), Александр Карницкий, Юрий Кендыш, Алексей Риос, Игорь Стасевич, Евгений Яблонский;
Шабуылшылар: Михаил Гордейчук, Дмитрий Мозолевский, Виталий Родионов, Николай Сигневич.
Естеріңізге сала кетейік, ойын ертең, яғни тамыздың 18-і күні елордамыздың «Астана-Арена» стадионында сағат 20:00-де басталады.